Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет259/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Нәсілдік және этностық
теңсіздіктерге теориялық
көзқарастар
Құрылымдық-функциялық теория
Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік құрылымдарды қоғамның 
қалыпты әрекет егуіне тиімді ететін әдістерді және сол құрылымның 
тиімсіздігіне әкелетін, жалпы қоғамның мүдделеріне қайшы келетін 
себептерге баса назар аударатынын білдік. Құрылымдық-функциялық 
теория қоғамдағы немесе кейбір топтардағы нәсілдік және этносара- 
лық теңсіздіктің қалыптасу жолдарын анықтауға көмектеседі. Мысалы, 
оңтүстік плантациялардың иелері афроамерикалықтарды қоғамда толық 
құқылы адам қатарына санамай, Киелі кітапта құлдық жайлы жазылға- 
нын өз пайдасына икемдеп ақталуы арқылы құлиеленушілікті қолдап 
шықты. Құлдар үшін бұл өте қиын кезең болды, ал «ақ» америкалықтар 
құлдардың арқасында оңтүстік штаттардың экономикасын көтеріп, мәде- 
ни жәые әлеуметтік заңдарды дамыта бастады.
Сонымен қатар құрылымдық-функциялық теорияшылар бұл 
жүйенің кемшіліктеріне баса назар аударады: құл иеленген қоғам- 
ның қайырымсыздығы ақыр соңында құлиеленушілік құрылысты 
жойып қана қоймай, АҚШ-ты азаматтық соғысқа әкеп тіреді, соның 
зардабынан оңтүстіктің экономикасы қүлдырады. Сол сияқгы, нәсіл- 
дік және этностық теңсіздікті қолдайтын кез келген қоғамда әлеу- 
меттік конфликт туындайтыны күмәнсіз. Ал нәсілдік және этностық 
теңсіздіктің себебінен кейбір адамдардың қабілеті мен әлеуетін іске 
асыруға деген ынтасы шектелсе, ондай қоғам жаьандық нарықтан 
зиян шегеді. Себебі қогам ол жағдайда адамдардың келешек дамуға 
қосатын маңызды үлесінен айырылады.
Нәсілдік және этностық ңатынастарды зерттейтін қүрылым- 
дық-функциялық теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдегу 
жолдарын анықтап, жағдайды өзгертіп, сол арқылы азаматтық соғыс 
сияқты конфликтілерге жол бермей (Winant, 2000), қарекетті жалға- 
стыру мүмкіндіктерін қарастырады. Нәсілдік және этностық қаты- 
настар тұрғысынан ассимиляция процесіне баса назар аударылады. 
Құрылымдық-функциялық теорияшылар әртүрлі этностық және нә- 
сілдік топтардың америкалық мәдениетке сіңуін (ассимиляция) және 
кейбір топтардың сіңуіне тосқауыл болтан (мысалы, әділетсіз заңдар) 
себептерді зерттейді.
Кейбір құрылымдық-функциялық әлеуметтанушылар «егер аз- 
шылық қоғамдар үстем мәдениетті ғана қабылдайтын болса, нәсілдік 
және этностық теңсіздік жойылады» дегі санайды. Бұл көзқарас әлеу- 
меттану ғылымынан қолдау таппады. Сондықтан нәсілдік қарым-қа- 
тынастарға қатысты құрылымдық-функциялық зерттеулер айтар- 
лықтай дамыған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет