Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет429/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Социализм
Капитализмде өндіріс бөлістен жоғары болса, социализмде бөліс өн- 
дірістен жоғары болады. Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс 
құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе. 
Күнделікті өмірде социализм мен коммунизмді жиі шатастырады: 
коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет менші- 
гінде болатын және әрбір адам еңбек етіп, өз қабілеті мен сұранысына 
қарай жалақы алатын экономикалық жүйе. Карл Маркстің есептеуін- 
ше, коммунизм социализмнен дамып шығады, бірақ заманауи әлемде 
коммунизм қоғамы ешқашан болтан емес.
Теориялық тұрғыдан социализмнің капитализма қарағанда бір- 
неше артықшылығы бар. Біріншіден, әлеуметтік ресурстар бай адамдар 
үшін ғана емес, бүтіндей қоғамның игілігіне қолданылуы мүмкін. Мы- 
салы, социалистік жүйе корпорациялардың бас пайдасы үшін қорша- 
ған ортаны ластауына жол бермей, табиғатты қорғай алады. Дәл осы-
Капитализм-көптеген байлық 
(жер, капитал және еңбек) жеке 
меншікте болатын, ашық нарықта 
саудаланатын және меншік 
иелерінің жеке пайдасы үшін 
қолданылатын экономикалық 
жүйе.
Социализм - қоғам немесе үкімет 
өндіріс құралдарын (жер, еңбек 
және капитал) баршаның игілігі 
үшін қолданатын экономикалық 
жүйе.
Коммунизм - өндіріс құралдары 
мен барлық мүлік мемлекет 
меншігінде болатын және әрбір 
адам қабілеті мен қажеттілігіне 
қарай жүмыс істеп, еңбекақы 
алатын теориялық экономикалық 
жүйе.


384
13-ТАРАУ
Швецияда барлықбулдіршін жоғары 
сапалы тегін балабақшаға барадь
лай, социалистік экономика ресурстарды телевизия өнімі сияқты 
табысты салалардан, білім беру, ауыл шаруашылығы немесе болат 
өндірісі сияқты келешекте жалпы халыққа пайда әкелуі мүмкін 
ұзақ мерзімді бағыттарға бұра алады. Бастысы, социализмде әрбір 
адам өмір сүруі үшіы өзіне керегін алуы тиіс. Сонымен бірге әр адам 
оргақ мақсатқа жету жолында мүмкіндігінше жұмыс істеуі керек. 
Бірақ қасындагы жалқау әріптесі көп балалы болғандығы үшін, 
ягни қаж егтілігі артық болғандықтан ғана көбірек жалақы алып 
отырған кезде баласы жоқ, бірақ еңбекқор әйелдің барын салып жұ- 
мыс істеуі екіталай емес пе? Сондықтан да социалистік экономика, 
капиталистік экономикаға қарағанда әділетті, бірақ тиімсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет