Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Шынайы бюрократия: ү ж ы м м әден и ет і



Pdf көрінісі
бет182/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Шынайы бюрократия: ү ж ы м м әден и ет і
Ұжым мәдениетінің Вебердің «кемел түрінен» айырмашылығы оның 
белгілі бір ұйымдардың негізі саналатын нормалар мен құндылықтар- 
ды қамтитындығында (Kunda, 1993; Martin, 2001). Ұжым мәдениетінің 
ең негізгі кілті - бірлік, сондықтан көп ұйым мүіпелерінің арасында 
бірлік орнатуға тырысады. Олар мұны қызметкерлердің арасында 
өзара әрекеттестік пен жақындықты насихаттау арқылы қалыптас- 
тырады. Сол үшін олар түсте тегін тамақ беріп, жұмыстан кейінгі 
спорттық секцияларды қаржыландырады, сейілдеуге шығарады, ком- 
панияның символдарын насихаттайды. Мысалы, Google компаниясы 
тегін массаж, тегін тамақ және волейбол алаңдарын қолдану сияқты 
жағымды жағдай жасайтыны белгілі. Бірақ басңа көп ұйым мұндай 
стратегиялардың арзан түрлерін пайдаланады. ¥йым басшылығы 
қызметкерлердің компанияға деген ризашылығын тудырған соң қыз- 
меткерлер демалыстан бас тартып, кесімді мерзімнен ұзақ жұмыс 
істеп, достары мен отбасына бөлінген уақытын жұмыста өткізіп жа- 
тады. Google сияқты қызықты компанияларда жұмысты мерзімінде 
бітіру үшін тәулігіне 12,15, тіпті кейде 24 сағат жұмыс істеу оқиғалары 
жиі болып тұрады.
«Крайслер Мотор» компаниясымен салыстырғанда Google сияқ- 
ты компаниялар жұмыстың еркіндігімен және бейресми шешім қа- 
былдау дәстүрімен ерекшеленеді. Олар мұны не үшін істейді? Компь- 
ютерлік бағдарламалар жасайтын компаниялар қызметкерлерден 
креативтілікті талап етеді әрі олар сол ортаның және бәсекелестері- 
нің енгізген өзгерістеріне тез бейімделіп отыру үшін стратегияларын 
өзгертуі керек. Ал «Крайслер», керісінше, өзгеріске онша ден қоймады, 
содан да болар бұл компания 2009 жылы өзін банкрот деп тану туралы 
өтініш берді. Ұжымдағы бюрократияландыру деңгейі ондағы жұмыс- 
тың түсініктілігіне эсер етеді. Жұмыс бірқалыпты әрі болжалды болса 
ұжым ережелерге, орталықтан нақты жоспарлауға, иерархиялық би- 
лікке сүйене алады. Мәселен, «неге дәріс өтетін аудиторияларда бю­
рократия аз, ал зауыттарда бюрократия көп» деген сауалға осы жағдай 
жауап бола алады.
Үжым мәдениеті - ұйымда 
жұмыстыңжүзеге асырылу 
тэртібін анықтайтын нормалар 
мен құндылықтар.


158
5-ТА РАУ
Макдональдтандыру - тез 
тамақтану дәмханаларының 
тиімділік, есептей алу, 
болжамдылық және бақылау 
сияқты ұстанымдары Америка 
қоғамының көп салаларына 
үстемдік ететін процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет