Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет221/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

190
7-ТАРАУ
Алайда кейде таптық жүйелерде де аскриптивті мәртебенің 
кейбір белгілері маңызды болады. Азаматтың діні, жасы, жынысы, 
ұлты басқа да факторлармен қатар, оның жолында қандай мүмкін- 
діктер ашылып, қандай тосқауылдарға тап болуына эсер етеді. Де- 
генмен бұл факторлардың касталық қоғаммен салыстырғанда тап- 
тық қоғамда ықпалы әлдеқайда аз. Қазіргі заманда таптық жүйелер 
басым, сондықтан бүл бөлімді сол жөнінде жалғастырамыз.
Буржуазия 
- жұмыс жасауға 
қажетті құралдар мен 
материалдарды, ягни өндіріс 
құрал-жабдықтарын иеленген ran.
Пролетариат 
- өндіріс 
қүралдарына ие емес тап. Олар 
өндіріс құралдарын иеленген 
адамдарға жалданып өмір сүреді.
Тап 
- маркстік теория бойынша, 
адамдарды өндіріс құралдарына 
деген меншіктік қатынасы арқылы 
жіктеу.
Таптық сана 
- адамдардың 
өндіріс құралдарына өздерінің 
қатынасын түсініп, нақты таптық 
ерекшеліктерін мойындауы.
Таптар нешеу?
Таптық жүйелер - реттелген мәртебелер жиыны. Оған қандай мәрте- 
белер кіреді және олар қалай жіктеледі? Бұл тарауда осы сұрақтарга 
екі теориялық және екі практикалық жауап беріледі.
Маркс: буржуазия және пролетариат
Карл Маркс (1818-1883) әлеуметтік құрылым екі таптан тұратынына 
сенімді болған. Оларды дәулеттілер және кедейлер деп атауға бола­
ды, Маркс оларды буржуазия жэне пролетариат деп атаған. 
Буржуа­
зия 
- жұмыс үшін қажетті құралдар мен материалдарды, яғни өндіріс 
құрал-жабдықтарын иеленген тап. 
Пролетариат 
онымен қамтама- 
сыз етілмеген. Сондықтан олар үстемдік етуші 
тапқа 
жалданып 
өмір сүреді. Маркстің пікірінше, тапқа жіктеу, ең алдымен, өндірістік 
құрал-жабдықтарды игеруге байланысты.
Әлбетте, өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ бұл еке- 
уі бір мәнге ие емес. Маркстың айтуынша, колледж оқытушысы, жергі- 
лікті Sears дүкенінің менеджері және қоқыс жинайтын қала қызмет- 
кері - барлығы бірдей пролетариат болып саналады, себебі олар басқа 
біреуге қызмет етеді. Алайда қоқыс жинаушы жұмысын өз көлігімен 
орындайтын болса, Маркс оны буржуазияның мүшесі деп санайды. 
Оның пікірінше, басты фактор - адамның қанша ақшасы болуы немесе 
қандай жұмыс атқаратыны ғана емес, өндіріс құрал-жабдықтарын мен- 
шіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы да.
Эрине, Маркс «жекеменшік көлігімен қоқыс жинайтын адам- 
дарға қарағанда дүкен менеджерлері табысты» деген қалыптасқан 
ортақ пікірді елеусіз қалдырмаған. Алайда менеджерлер мен көше 
сыпырушылар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет