Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет339/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
299
адамдардан гөрі (кез келген тап өкілі) аз уақытқа эмоционалды күй- 
зеліске ұшыраған орта тап өкілдері арасында жиі болуы мүмкін. Денсау- 
лық сақтау саласы мен емханаларды қаржыландыру азайғаннан бері 
психикалық аурудың ауыр түріне шалдыққан адамдардың іс-әрекеті 
қоғамға қауіп төндіретін жағдайға жеткенде, аурухананың орнына түр- 
меге қамалатын болды. АҚШ Әділет министрлігінің дерегінше, түрмедегі 
бас бостандығынан айырылғандардың жартысынан көбі - психикалық 
ауруға шалдыққан адамдар (fames & Glaze, 2006).
Гендерлік е р е кш е л ік те р
Күйзеліс - ең көп тараған психикалық аурудың түрі, АҚШ-та ересек 
тұрғындардың 17 пайызы осы дертке шалдыққан (Kessler et al., 2005). Күй- 
зеліс - кең тараған кесел, соның ішінде ер адамдарға қарағанда әйелдер 
жиідушар болатын ауру.
Неге әйелдер күйзеліске жиі ұшырайды? Көптеген ғалымдардың 
зерттеуі бойынша, әйелдер көп күйзеліске түсетіндіктен және сол 
күйзелістің себебін бақылай алмай депрессияға шалдығады (Horwitz 
2002:173-179). Шын мәнісінде, депрессия көрсеткіші өз өмірін бақылау- 
да ұстай алмайтын жұмыссыз және түрмыстағы балалы әйелдерде 
жоғары. Мысалы, кішкентай балалары бар даяшы әйелдің кешкісіп 
ысгық ас дайын болуын күтетін күйеуі оның өмірін, жұмыс кестесін 
немесе күйзеліс деңгейін бақылай алмайды. Дәл осылай жүмысынан 
айырылған немесе жүмысын басқара алмайтын әйелдер депрессияға 
көбірек ұшырайды.
Керісінше, әйелдермен салыстырғанда еркектер психикалық қоз- 
дырғыш заттарды жиірек қабылдайтындары жөнінде және құмар 
ойындарға компульсивті берілу немесе зорлыққа бейім тұру сияқты 
қылықтарға тән лайықсыз әдеттерден көрінетін «тұлғаның бұзылуы» ту- 
ралы жиі айтады (Kessler et al., 2005). Ғалымдардыңтұжырымы бойынша, 
ер адам күйзелісті жағдайға агрессия немесе зиянды есірткілік заттарды 
қабылдау арқылы жауап береді. Сол себептен оларда осы іспетті аурулар 
пайда болады.
Д е н с а у л ы қ с а қ т а у с а л а с ы н д а
ж ұ м ы с і с т е у
Қоғамдық өмірдің басқа да салалары сияқты денсаулық сақтау сала­
сында да рөлдер, мәртебелер және билік үшін күрестің өзіндік жиын- 
тығы бар. Бұл бөлімде денсаулық сақтау саласындағы медицина және 
медбике ісі сияқты екі маңызды ортаны қарастырамыз. Сонымен бірге 
денсаулық сақтау иерархиясында өз жағдайын жақсарту үшін қалай 
күресетінін талқылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет