Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет417/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

М ем лекеттік ю рисдикция
Өзге саяси институттардың құзыреттілік аясы тар болса (мысалы, шір- 
кеу немесе отбасы мүшелерін қадағалау), мемлекет қоғамға бүтіндей 
билік жүргізеді.
Мемлекет ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін, қоғам бөліктерінің 
тең қарым-қатынасына төрелік етумен, басқа қоғамдармен байланыс 
орнатумен және ресурстар (салық, әскерге шақыру, мүнай) жинаумен 
айналысады. Қоғам кеңейіп, күрделене түскен сайын мемлекеттің ба- 
лаларға жыныстық қатынастар туралы білім беру және баспанасынан 
айырылып қалу қаупі бар отбасыларға субсидия бөлу сияқты мәсе- 
лелерді қамтитын жаңа міндеттері пайда болады. Деректерді түсін- 
діру: Үкіметтің міндеттеріне қатысты пайымдар (Attitudes Toward 
Government Responsibilities) америкалықтардың мемлекеттік міндет- 
терге деген көзқарасын зерттейді.
М ем лекеттік м әж бүр л еу
Мәжбүрлеуді қолдану үшін мемлекеттің заңды құқығы болғандық- 
тан, басқа құрылымдар (ата-аналар, мүғалімдер сияқты) оны тек мем- 
лекеттің келісімімен ғана қолдана алады. Мысалы, барлық штаттар 
қазір күйеуінің әйелін сабауына, ал кейбір штаттар мұғалімдердің 
оқушыларға ұрсуына тыйым салады.
Мемлекет мәжбүрлеудің бастапқы үш түрін қолданады. Біріншіден, 
мемлекет ел түрғындарын заң жүзінде түтқындай алады, шабуылдай 
алады, түрмеге жаба алады және кейбір жағдайларда өлтіруге де қүқылы. 
Екіншіден, мемлекет заң жүзінде азаматтардан салық пен айыппұл жи- 
найды. Үшіншіден, мемлекет басқа елдермен келіссөздер жүргізеді және 
басқа елге шабуыл жасауға қарулы күштерін жібере алады.
Алайда әрбір ел билік пен мәжбүрлеуді әртүрлі қолданады. Ав- 
торитарлық және демократиялық жүйелердің арасындағы ең үлкен 
айырмашылық осы. 13.1-картада «толық» демократиялық, «жалған» 
демократиялық (кейбір авторитарлық элементтері бар), екеуін қатар 
алып жүретін «гибридті» және авторитарлық мемлекеттер бөліп көр- 
сетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет