Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


гі ысырапшылдық пен бүлдірулерді қысқарту үшін халықаралық



Pdf көрінісі
бет462/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

гі ысырапшылдық пен бүлдірулерді қысқарту үшін халықаралық
деңгейде күш біріктіріп, қаржылық міндеттемелер қабылдау ар- 
қылы ғана жүзеге асуы тиіс.
әлеуметтану және сіз
Сіз АҚШ-та тұрып жатқандықтан 
дамуы төмен өзге бір елдің 
азаматтарына қарағанда, 
қоршаған ортаныңресурстарын 
көбірек қолданасыз. Сіз оқу 
орнына не жұмысқа дейін 
машинамен болмаса қоғамдық 
көлікпен барасыз, сондықтан жаяу 
жүретін адамдай емес, азды-көпті 
газ жұмсайсыз. Жол-жөнекей 
ішу үшін бір құты су алуыңыз 
мүмкін және ол қандай да бір 
ыдыста болады. Жалпы кез келген 
май, су немесе басқа өнімді сізге 
жеткізу үшін құты жасайтын 
ресурстар керек. Сол ресурстардан 
жасалған пластмасса, су, қазба 
байлықтар, металдар мен басқа да 
өнімдерді күні бойы қолдануды 
жалғастырасыз.
Дамуы төм ен ел дер дегі кедей лік
Дүниежүзі бойынша 500 миллиондай адам асқа жарымайды және 
жыл сайын Африка мен Азияда ашаршылық көрініс табады. Бұған 
қоса 1 миллиард адам нашар тамақтанады, білім алмайды және әлеу- 
меттік тұрғыдан қорғауға алынбаған. Олар - сол туу көрсеткіші жоға- 
ры аймақтардың тұрғындары.
Кейбір бақылаушылардың пайымдауынша, дамушы елдердегі 
кедейлік туу көрсеткішінің тым жоғары болуынан. Бірақ бұл негізгі 
немесе бір ғана себеп емес. Кедейлік пен ашаршылық, ең алдымен, 
соғыс, жемқорлық және демократиялық емес елдердегі теңсіздік тәрізді 
келеңсіз жайттардың салдары. Сондай-ақ шикізат пен табысты неғұр- 
лым кедей елдерден алатын әлемдік экономика жүйесі де ықпалын ти- 
гізіп отыр (Chase-Dunn, 1989; Dreze 8с Sen, 1989; Sen 1999). Бір анығы - кедей 
елдердің азық-түлікті импорттауынан экспортқа шығаруы көп (Lappe, 
Collins, & Rosset 1998). Мысалы, 1990 жылдары Куба халық санының өсімі- 
нен кедейленген жоқ. Оған елдің авторитарлық үкіметінің экономиканы 
мықтап дамыту орнына кейіннен ыдырап кеткен КСРО-ның субсиди- 
яларына иек артуы себеп болды. Конго Демократиялық Республикасы- 
ның тұрғындары да жоғары туу көрсеткішінен емес, соғыстың кесірінен 
ашығып, өліп жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет