Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


« А м е р и к а д а ғ ы э р к е л к іл ік : ж а т а қ х а н а д а г ы ө м і р қ а л а й з е р т т е л -



Pdf көрінісі
бет68/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

« А м е р и к а д а ғ ы э р к е л к іл ік : ж а т а қ х а н а д а г ы ө м і р қ а л а й з е р т т е л -
ді?»
деген еңбекте афроамерикалық кедей қауымдастықтардың күн- 
делікті өмірін зерттеу барысындағы қатыса отырып бақылау әдісінің 
артықшылықтары мен кемшіліктері атап көрсетіледі.
Қайталау (репликация) -
нәтижелердің сәйкестігін 
көру үшін басқа зерттеушінің 
эмпирикалық зерттеулерді 
қайталауы немесе әртүрлі 
үлгілермен қайта жүргізуі.
Контент талдау - кез келген 
қүжатты жүйелі түрде зерттеу
Контент талдау
Әзірге біз талқылаған әдістер адамдарды бақылауға немесе олармен 
сұхбаттасуға негізделеді. Алайда кей жағдайларда әлеуметтанушы- 
лар өз зерттеулерін адамдарға емес, құжаттарға бейімдейді. Құжат- 
тың кез келген түрін жүйелі түрде зерттеуді контент талдау деп 
атайды.
Контент талдау әдісін пайдаланатын элеуметтанушылар сауал­
нама әдісіндегі сияқты рәсімдерді орындайды. Бірақ олар қүжаттар-


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
57
ды іріктеп алып, содан кейін ол құжаттар туралы жүйелі сұрақтар 
қояды. Мысалы, рэп музыкасының араққұмарлыққа шалдықтыра- 
тын әсерін зерттеу үшін Денайс Херд (2005 ж.) 18 жылдың ішіндегі 
ең танымал рэп әндерін тізіп шықты. Содан кейін ол 341 ән үлгісін 
кездейсоқ негізде таңдап, «оларда алкоголь туралы айтыла ма, ай- 
тылса оны жағымды әсермен (сән-салтанат немесе байлық сияқ- 
ты) байланыстыра ма, әлде теріс әсермен (мысалы, ажырасу немесе 
түрмеге түсу) байланыстыра ма» деген сүраққа жауап іздеді. Соның 
арқасында соңғы жылдары рэп әндерде ішімдік туралы көбірек ай- 
тылатынын және оларда әдетте алкогольдің тек жағымды жақтары 
әспеттелетінін анықтады.
Зерттеушілер сот жазбалары, күнделік, студенттік құжат және 
т.б. сияқты жазбаша құжаттың кез келген түріне контент талдау жа- 
сай алады. Олар, сондай-ақ блогтер, веб-сайттар және саясаткерлерге 
жіберілген комментарийлер сияқты электрондық құжаттарды пай- 
даланады. Сонымен қатар әлеуметтанушылар құжат мәтінін ғана 
емес, суреттерді де сараптап, айталық, билбордтарда, журналдарда, 
интернетте не теледидарда ішімдіктің қалай суреттелетінін зерттей 
алады.
Контент талдаудың басты артықшылығы - арзандығы. Қатыса 
отырып бақылау жүргізу үшін ешкім айлар бойы «зерттеу алаңда- 
рында» жүрмейді немесе адамдарға сауал қою үшін үй-үйді арала- 
майды. Сонымен қатар контент талдау әдісін тарихи және қазіргі 
заманғы құжаттарды зерттеу үшін қолдануға болады. Мысалы, соң- 
ғы 30 жылдағы алкоголь туралы жарнамаларды талдау арқылы ал­
коголь бейнесінің қалай өзгергенін көруге болады. Оның үстіне, біз 
қолда бар құжаттарды зерттеу арқылы ондағы мәліметтерге эсер ете 
алмаймыз: журналдағы алкогольдік ішімдік жарнамаларын қанша 
уақыт зерттесек те ол жарнамалар өзгермейді. Ал студенттің ішімдік 
ішуін зерттеу үшін барға кірсек, онда бізді көрген студенттің іс-әре- 
кеті өзгеріп кетуі мүмкін.
Контент талдаудың ең үлкен кемшілігі - тек қолда бар құжаттар- 
мен ғана жүзеге асады, сондықтан оны кейбір зерттеу тақырыптары 
үшін пайдалана алмаймыз. Сонымен қатар қатыса отырып бақылау 
әдісі сияқты бұл да зерттеушілердің деректерді түсіндіруіне негіз- 
делген. Дегенмен, мазмүнды талдаумен бірге зерттеушілер тобы де- 
ректерді қарап шығып олардың қорытындыларын салыстыра алады, 
бұл кез келген зерттеушінің көзқарасы нәтижеге эсер етпеуін қамта- 
масыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет