Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет91/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Мәдени әркелкілік және өзгеріс
Анықтамаға сүйенсек, қоғамдастық мүшелері бір мәдениетті қолда- 
нады. Бірақ бұл мәдениет біртекті емес. Келесі бөлімдерде біз мәде- 
ниеттердегі әркелкіліктің екі көрінісін, субмәдениеттер мен контр- 
мәдениетті және мәдениетті өзгертетін процестерді қарастырамыз.
Субмәдениет және контрмәдениет
Бірде-бір қоғам біртекті емес. Әр қоғамда үстем мәдениет, сондай-ақ 
субмәдениеттер мен контрмәдениеттер болады.
Субмәдениеттер қоғамныңжалпы мәдениетіне қатысады, алай­
да құндылықтардың, нормалардың, өмір салты мен дәстүрлердің, 
тіпті өзіндік тілдің ерекше жиынтығын сақтайды. Дәстүрлі (түр- 
мыстық) бауырластықтар мен әйелдер үйірмесіндегі «грек өмірі» 
субмәдениеттің керемет үлгісі бола алады. Бауырластықтың немесе 
әйелдер үйірмесінің болашақ мүшелері, ең алдымен, өздерінің сән 
үлгісі, көңіл көтеру түрлері немесе білім алу дағдылары, сондай-ақ 
жыныстық қатынасқа, ішімдікке, қоғамға қызмет көрсетуге және бі- 
лімге қатысты көзқарастары сол үйым мәдениетіне, яғни «грек өмірі» 
мәдениетіне сәйкес келетініне көз жеткізуі керек. Содан кейін «қо- 
сылған» адамдар белгілі бір рәсімді орындауы гиіс, ол кейде қалжың 
ретінде болса, кейде қауіпті болуы мүмкін, бұл рәсім бауырластыққа, 
әйелдер үйірмесіне және оның мәдениетіне қатысты байланыстарды 
нығайтады. Осы үйымға қабылданғаннан кейін ұйым мүшелеріне 
белгілі бір әндер, қүпия сөздер сияқты ұйымның дәстүрлерін үйрену 
керекболады.
Грек субмәдениетінің өз тілі жоқ, бірақ басқа үйдің мүшелері- 
не арналған өзіндік сленгті терминдері бар. Сондай-ақ өз мүшелері 
үшін адалдықтан басталатын құндылықтары да жетерлік. Кейбір 
бауырластықтарда, мысалы, өз мүшелерінен қажет болған жағдайда 
«бауырларының» оқуына көмектесуін талап етсе; басқа бауырластық 
мүшелері «бауырларына» емтиханда шпаргалка қолдануды үйрете-
Шаралар (санкциялар) -
сәйкестікке орай сыйақылар 
және сәйкессіздіктерге қатысты 
жазалар.
Субмәдениеттер - қоғамның 
жалпы мәдениетіне қатысатын 
топтар, бірақ құндылықтардың
норманың, өмір салтының және 
тіпті ерекше тілдің айрықша 
жиынтығын сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет