Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет105/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274
Қорытынды
1. Мәдениет - қоғам өмірінің негізгі проблемала- 
рын дайын шешімдермен қамтамасыз ететін 
өмір сүру жобасы. Кейбіреулер оны адамдар- 
дыц өз жағдайларына бейімделуіне көмекте- 
сетін материалдық және материалдық емес 
құралдар ретінде түсіндіреді. Осыған орай, 
мәдениет салыстырмалылығы түжырымда- 
масы көрсеткендей, мәдени ерекшеліктерді өз 
мәдениетіңнің тұрғысынан бағалау керек.
2. Құрылымдық-функционалды көзқарас мәдениет- 
тің қалай қалыптасуын емес, мәдениеттің бізді 
қалай қалыптастыратынын қарастырады. Кері- 
сінше, конфликт теориясын қолдаушылар мә- 
дениеттің белгілі бір жолмен дамитындығын 
және осы үлгілердіңкімнің мүдделеріне қызмет 
ететінін зерттейді. Символдық интеракционис- 
тер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты мәде- 
ни материалдардың қалай қабылданып, қолда- 
нылатынына баса назар аударады.
3. Көптеген әлеуметтанушылар мәдениеттің
әлеуметтік тұрғыдан құрылғанын атап көрсе- 
теді. Алайда социобиологтар адам мәдениеті 
мен мінез-құлқының биологиялық негізі бар 
екенін атап көрсетеді.
4. Тіл немесе символдық қарым-қатынас - мәде- 
ниеттің негізгі бөлігі. Тіл мәдениетгі жүзеге 
асырады, әлеуметтік топтың ортақ байланыс- 
тарын бейнелейді және әлемді қабылдаудың 
негізі болып табылады.
5. Мәдени құндылықтар мәдениет лайықты деп тап- 
қан мақсаттарды анықтайды, ал нормалар оларға 
қол жеткізудің тиісті құралдарын көрсетеді.
6. Әлеуметтік бақылау адамдардың өз мәдениетін, 
сондай-ақ қоғамның нормалары мен құнды- 
лықтарын ұстануға ынталандыратын күштер 
мен процестерден тұрады. Нормативтерге сәй- 
кес гік идеологиялық өңдеу, оқьггу және басқа да 
шаралар арқылы күшейтіледі: нормаға сәйкес- 
тік үшін сыйақы, ал сәйкессіздіктер үшін жаза 
қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет