Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет113/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274
ӘЛ ЕУМЕТТЕНУ
97
расын қабылдап, басқа жұмыс іздеуге ұйғаруы ғажап емес. Алайда ол 
әріптестерінің өз оқыту әдістемесін мақтаган кезін немесе басқа сту- 
денттерінің дәрісті қалай бағалағанын есіне түсірсе болды. Сөйтіп, ол 
осы семестрде келген студенттердің оқытушы білімін бағалау деңгейі 
жеткіліксіз деген қорытынды жасай алады.
Сонымен біздің өзіміз туралы тұжырымдамамыз айналамыз- 
дағы адамдардың көзқарастарының механикалық көрінісі ғана емес; 
керісінше, өзгелердің гіікіріне қатысты біздің пайымдауларымыз 
бен жауабымызға негізделген. Біз өзіміз туралы тұжырымдаманы 
анықтауға белсене араласамыз, кімнің пікірін қабылдау керектігін 
таңдай отырып, басқа адамдардың пікірлерін түсіну үшін басымыз- 
дан өткен тәжірибені қолданамыз.
Символдық интеракционизм теориясы субъективті пайымдауды 
«мен» тұжырымдамасының өте маңызды факторы ретінде қарастыра- 
ды. В.И. Томастың классикалық тұжырымында символдық интерак- 
ционизмнің осы алғышарты анық көрінеді: «Адамдар жағдайды 
нақты деп анықтаса оның салдары да нақты болады» (Thomas & Thomas, 
1928, 572). Адамдардың басқалармен өзара әрекетке түсуі, өзгелердің 
пікірі туралы субъективті пайымдауларына негізделген. Осылайша, 
басқалардың ой-пікірлерін дәл көрсете ме, жоқ па - субъективті пай- 
ымдаудан нақты нәтиже шығады.
Рөлді қабылдау
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең 
ықпалды зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды (Stryker, 2008). 
Мид (1934) өзім деген ұғым 
« м е н »
және 
« м е н і »
деп аталатын екі ком- 
поненттен тұрады деп есептеді. Ағылшын гілінің грамматикасына 
сәйкес біз бірдеңе жасасақ, онда 
м е н
сөзін қолданамыз, біреу бізге 
бірдеңе жасағанда («Мен анамды тыңдамадым, сосын ол 
м е н і
жазала- 
ды») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет