Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет150/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
129
генді бетіне қарап айту мен телефоннан көз алмай тұрып айтудың 
арасы жер мен көктей.
Драматургияны қолданатын әлеуметтанушылар өмірде де 
театр сияқты шымылдықтың алдыңғы жағы (сахна) мен артқы 
жағы болады деп санайды. Шымылдықтыц алдында біз спектакль 
қойсақ, сахнаның артында дайындық жасаймыз және түрлі мі- 
нез-құлық нормаларын қолданамыз. Мәселен, бір-біріне айқайлап 
жатқан ерлі-зайыптылар есік қағылып, үйге қонақтар келген кезде 
бір-бірін «жаным», «күнім» деп еркелете қалады. Мұндағы қонақ- 
тар - аудитория, олар да өз рөлдерін ойнап жүр.
Әсерлердібасқару
Біз жоғарыда адамдардың күнделікті кездесулерде не істейтініне 
көп назар аудардық. Бірақ бүл әрекеттерді адамдардың не үшін 
істейтінін сұраудың да маңызы зор. Әлеуметтанушылар көбіне 
бұған: «Адамдар қоғамдағы орнын нығайтып, өзіне деген сенімді 
қалыптастыру үшін істейді», - деп жауап береді (Owens, Stryker, & 
Goodman, 2001; Guadagno, Cialdini, 2007).
Басқалардың біз туралы көзқарастарын басқару үшін жасай- 
тын іс-әрекетімізді әсерді басқару деп атаймыз (Goffman, 1959). Біз 
көбіне басқалардың қоғамдық қолдауына ие болу үшін әсерді бас- 
қаруға тырысамыз. Сәнді киініп, шашымызды әдемілеп тарап, өз- 
гелермен сыпайы да сырбаз қарым-қатынас жасауға күш саламыз. 
Дегенмен кейде әсерді басқару, керісінше, әлеуметке ұнамсыз бо- 
лып көріну үшін пайдаланылады. Мәселен, панктер, готтар, «эмо- 
лар» немесе бұзақы топтар басқалар өздерінен қорқып, жиіркенуі 
үшін ерекше шаш және киім үлгісін таңдайды (Willkins, 2008; Pytts- 
Taylor, 2003). Бұл тақырып «Америкадағы әркелкілік: Готтар» деген 
бөлімде көбірек талқыланады.
Қазіргі күндері біз онлайн өмірде де, жүзбе-жүз кездесуде де 
әсерді басқару әдісін қолданамыз. Facebook-тегі профилімізді өзгер- 
тіп, Second Life-тағы аватарымызды жаңартқан сайын өзгелердің 
алдындағы имиджімізді қалыптастырамыз (Turkle, 2011).
Оның үстіне, өзіміздің іс-әрекетіміз бен таңдауымызды түсін- 
діру үшін де әсерді басқару тәсілін қолданамыз. Мұндағы басты екі 
стратегия - айыпты болмау және ықыласқа бөлену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет