Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Д е р е к т е р д і т ү с і н д і р у



Pdf көрінісі
бет176/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274
Д е р е к т е р д і т ү с і н д і р у :
афроамерикалықтар ақ нәсілділерге қа- 
рағанда маңызды проблемаларын ешкіммен талқыламауыньщ 
қандай да бір әлеуметтік себебін айта аласыз ба? Білімі жоғары- 
лардың сенім артатын адамдары неғұрлым көп болатынын немен 
түсіндірер едіңіз? Неліктен ер адамдардың әйел адамдарға қараған- 
да сенім артатын адамдары аз? 1985 және 2004 жылдар аралығын- 
да отбасылық өмір, жұмыс және қоғамдық өмір қалай өзгерді? Бұл 
өзгерістер сенім артатын адамдар саны азайып кетуіне қалай эсер 
етеді?
Д е р е к т е р д і с ы н и т ү р ғ ы д а н т а л д а у :
маңызды проблемаларды 
басқалармен талқылау қуатты байланыстарды бағалауға арналған 
жақсы тәсіл болып санала ма? Афроамерикалықтар, ерлер немесе 
білімі томен адамдар арасындағы қуатты байланыстардың сипа- 
тын жақсарта алатын кез келген басқа шараны атай аласыз ба? Егер 
сізден маңызды проблемаларды талқылайтын адамдарыңыздың 
тізімін беруді сұраған жағдайда, осы сүрақ төңірегінде өміріңізде- 
гі барлық маңызды қатынастарды анықтай аласыз ба? Толығырақ 
тізім жасау үшін сүрақ басқа формада қойылуы керек пе?


ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
151
демалыс күндеріңізді қалай өткізгендеріңіз жайында әңгімелесіп, бі- 
рақ оқудан тыс жерде онымен ешқашан қарым-қатынасқа түспесеңіз, 
сіздердің араларыңызда байланыс әлсіз болғаны. Қуатты байланыс- 
тар бізді жақын адамдарымызбен байланыстырады, ал әлсіз байла- 
ныстар болымсыз қарым-қатынасқа түскен тұлғалармен арамыздағы 
алшақтықты арттырады. Жаңа жұмыс орнын немесе түратын жер 
табу сияқты ауқымды байланысты талап ететін ақпараттарды алу 
қажет болған жағдайда әлсіз байланыстар өте маңызды рөл атқарады 
(Granovetter, 1974; Newman, 1999b). Сол сияқты Microsoft Word сияқты 
танымал бағдарлама туралы сұрағыңыз болса жауабын сенімді байла- 
ныстарыңыз арқылы таба аласыз. Бірақ Linux сияқты жалпыға ортақ 
бағдарлама жайында ақпарат алғыңыз келсе, сізге әлсіз байланыстар- 
дың үлкен желісіне шығуға тура келеді. Осы сияқты басқа жағдайлар- 
да да сіз білетін адамдардың саны қаншалықты көбірек болса бұл сіз 
үшін соғұрлым тиімді.
Әлсіз байланыстардың оңтайлы көздерінің бірі - интернет: егер 
сіз сирек кездесетін аурумен ауырсаңыз немесе қатты қызығатын 
ерекше ермегіңіз болса, не жасырын топтарды жақсы көрсеңіз қажет- 
тіліктеріңіз бен мүдделеріңіз ортақ не ұқсас басқа адамдармен оңай 
байланыс жасай аласыз. Өкінішке қарай, әлсіз байланыс адамдарға 
жаңа жүмыс орындарын табу, хоббимен айналысуға мүмкіндік беру 
секілді пайда келтірумен қатар зиянын тигізетін жағдайлар да кезде- 
седі: мысалы, соңғы кездегі зерттеулердің көрсегуінше, ересектердің 
өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанына достарының сол тәріздес әрекеті 
ғана емес, сонымен қатар досының досы өзіне-өзі қол жұмсамақ болта­
ны да себеп болған (Bailer & Richardson, 2009). Дәл осылай, 12 мыңнан 
астам америкалыққа 32 жыл бойы жүргізілген үлкен зерттеу нәтиже- 
лері бойынша адамның семіздікке ұшырау мүмкіндігі досы семіздік- 
ке ушыраған болса - 45 пайызға, досының досы семіздікке ұшыраған 
болса - 20 пайызға, егер досының досының тағы бір досы ұшыраған 
болса 10 пайызға өскенін көрсеткен (Christakis & Fowler, 2007).
Қуатты байланыстар әлсіз байланыстардан әлдеқайда маңызды. 
Алайда әлсіз байланыстардың да пайдалы жақтары бар (5.2-сурет). Ав- 
торлар, шын мәнінде, семіздікгің «жұқпалы» екенін айтады. Ал олар- 
ды сынга алушылар, өз кезегінде, адамдар уақыт өте келе салмағы 
өздерінің салмағына сәйкес келетін адамдармен дос болып қалуға ты- 
рысады дейді (Kolata, 2011). Бұл әлеуметтік тораптардың қалай жүмыс 
істейтіні туралы қызықты жағдайларды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет