Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет182/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   274
Е ң бек бөлін ісі.
Бюрократиялық мекемелер әр қызметке жеке маман 
алады, олар өздеріне тиесілі қызметтік міндеттерін атқарады. Қыз- 
меттің атауы мен оның сипаттамасында бұл жұмысты кімнің атқар- 
уы керектігі айтылады.
2. 
И е р а р х и я л ы қ би л ік.
Қызметтер иерархиялық негізде бекітіледі, әр 
қызметкердің үстінен қарап, оның жұмысына басшылық жасайтын 
бастығы болады. Биліктің иерархиясы қызметтер схемасында пира­
мида күйінде салынады.
3. 
Ереж е м е н т әрт іп .
Бюрократияның барлық іс-әрекеті меи операция- 
лары стандартталған ережелер мен процедуралар негізінде жүзеге 
асырылады. Бүл ережелер ықтимал жағдаягтардың барлығын (мәсе- 
лен, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, кеңсенің күнделікті жұмыста- 
ры) қамтиды.
4. 
А д а м и е м е с қ а р ы м -қ а т ы н а с.
Тамыр-таныстық пен бүра тартуды 
болдырмау үшін бюрократиядағы әрекеттестіктің барлығы жеке 
адамдардың сезімдеріне емес, ережелерге негізделеді.
5. 
К арьера, қ ы з м е т ж зн е б іл ік т іл ік .
Бюрократиядағы қызметтерге кан- 
дидаттар тек біліктілігіне қарай таңдалады және жұмыс нәтижесіне 
қарай жоғарылатылады.


ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
157
6. 
Т иім ділік.
Бюрократиялық ұйымдар ұжымдық мақсатқа жету үшін 
көп адамнан құралатын топтың іс-әрекетін үйлестіру арқылы тиім- 
ділікті арттыруға тырысады. Жүйе жеке адамның қалауын орындау- 
ға, тамыр-таныстыққа жане белден басуға жол бермеуі керек.
Вебердің айтуынша, бұл сипаттамаға сай келетін бюрократия жоқ- 
тың қасы, себебі қызметкерлер көбінесе өздеріне тиесілі жұмыстан бөлек 
шаруаларды атқарады; билік иерархиясы дұрыс емес; жұмыс жағдайы 
тез өзгереді, ал ережелерді жаңа жағдайға сәйкестендіріп өзгерткенше 
көп уақыт өтіп кетеді; сексизм, нәсілшілдік сияқты бұра тартулардың 
кесірінен жұмысқа білігі төмен адамдарды алады; ұйымдар өте тиімсіз 
жұмыс істейді, т.с.с. Оныц үстіне, соңғы жиырма бес жылдың ішінде Аме- 
рикадағы бюрократияның ең ірі формасы саналатын корпорациялардың 
көлемі кішірейді, себебі олар жұмыстың көбін мердігер компанияларға 
тапсырды. Мұндай жағдайда қызметкерлердің жұмыс орнын сақтауға 
кепілдік аз, ал корпорациялар иерархия түрінде әрекет ете алмайды, 
себебі келісімшартпен сырттай қызмет ететін қызметкерлерді бақы- 
лау қиын, әсіресе, олар жердің басқа бір түкпірінде тұратын болса тіпті 
қиын болады (Scott, 2004). Сонда да, Вебердің бюрократияға берген сипат- 
тамалары оның рөлі мен табиғатын түсінуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет