МӘДЕНИЕТ
71
С и м в о л а р қ ы л ы б а й л а н ы с
нені білдіреді? Мысалы, сіз «ит» сөзін
естісеңіз немесе кітаптан осы сөзді білдіретін қисық және түзу сы-
зықтарды көрсеңіз әңгіме төрт аяқты үй жануары туралы екенін
түсінесіз. Байланыстың барлығы таңбаларды пайдалану арқылы
жүзеге асады. Тіпті қолын тигізу немесе меңзеу секілді дене қи-
мылдарының мағынасы да мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарасты-
рылады.
Әлеуметтік лингвистиканы (тіл мен қоғам арасындағы қарым-қа-
тынас) зерттеушілер тілдің мәдениетке үш түрлі қатысы бар дейді: тіл
мәдениетті бейнелейді; тіл - мәдениет символы; тіл мәдениеттің негі-
зін құрайды (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тіл - мәдениеттің бейнесі
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы; ол қоғамның құндылықтары мен
мағыналарын, сондай-ақ оның салттары мен рәсімдерін, тарихы мен
мұң-мұқтажын білдіреді. Бір мәдениеттің тілін білмейінше оған то-
лық араласа алмайсыз (Romaine, 2000; Trudgill, 2000).
Тілдің жоғалуы мәдениеттің жоғалуына әкелуі кәдік. Бір кез-
дері АҚШ-тағы байырғы америкалықтар қолданған 300-400-дей
тілдің тек шамамен 20-сы ғана ұзақ өмір сүруі мүмкін (Dalby, 2003,
147-148). Бүл тілдер өлгенде үндістер мәдениетінің маңызды қыр-
лары да жоғалады. Тіл мен мәдениет арасында осындай өмірлік
Достарыңызбен бөлісу: