Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет381/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
339
нылса, әлеуметтануда куәліктерге байланысты теріс түсінікті ай- 
қындау үшін «креденциализм» термині қолданылады. Креденциа­
лизм - айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді 
басқалардан жоғары деп санау.
Б іл ім б е р у д е гі т е ң с із д ік
Білім беруді мәртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі 
әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім бе- 
рудегі мүмкіндіктер теңсіздігін күшейтіп отыр (Kozol, 2005; Sacks, 
2007). Кедейлер оқитын мектептерде оқушылар тар сынып бөлме- 
лерінде бір мұғалімнің орнына келген басқа мұғаліммен немесе 
жақында ғана оқуын бітірген, тәжірибесіз оқытушымен бірге стан­
дарт™ тестілеуге дайындалады. Шығармашылық қабілет-дағды- 
ларын дамыту деген атымен болмайды. Студенттер автомеханик 
немесе косметолог кәсіптеріне мамандана алады. Бірақ олардың 
мектептері есептеулерді, шығармашылық жазбаларды немесе АР 
(біліктілік арттыру) сыныптарын ұсына алмайды. Мектеп қандай 
бағдарлама ұсынғанымен сынып бөлмелерінде жылыту жүйесі дұ- 
рыс болмаса, оқушылар ескі оқулықтарды бөлісуге мәжбүр болса, бі- 
лім алу қиындай түседі. Керісінше, бақуатты адамдардың балалары 
заманауи сыныптарда және ғылыми лабораторияларда білім алып, 
көптеген тілдерді, зерттеу тақырыптарын және АР сыныптарын 
таңдай алады. Кеңесші қызметшілер оқушылардың талабына сай 
беделді оқу орнына түсуге көмектеседі. Ең таңдаулы АҚШ колледж- 
деріне бірінші курс студенттерінің 55 пайызы табыстың 25 пайызы- 
на иелік ететін отбасылардан келеді (Leonhardt, 2004). Сол сияқты 
аралас табысты қоғамда қаржысы жеткілікті оқушылар кедей ба- 
лаларға қарағанда, әртүрлі бағдарламалары бар, жақсы оқу орнына 
қол жеткізе алады (Bettie, 2003).
Білім алу мүмкіншілігінің этникалық ерекшелікке байланысты 
әртүрлі болуы, әлеуметтік тап арасындағы айырмашылықты көрсе- 
теді. Мемлекеттік мектептегі сегрегация 1954 жылы Жоғарғы соттың 
шешімімен заңсыз деп табылған болатын, кейінгі 30 жылда сегрега­
ция төмендеді. Алайда 80-жылдардың ортасынан бастап десегрега-
Креденциализм - айрықша білімі 
туралы куәлігінің арқасында ғана 
біреулерді басқалардан жоғары деп 
санау.

Жылыту мен желдету жүйесі жоқ,
I оқушылартолысыныптабілім 
алу қиын. Уақытша немесе жас 
мұғалімдермен және өзара бөлісіп оқуға 
тура келетін ескі кітаптармен білім алу 
тіпті қиын. Мундай жағдай көбіне кедей 
аудандарда және аз ұлт өкілдерінің 
мектептерінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет