Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет411/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

368
13-ТАРАУ
С а я с а т п е н э к о н о м и к а ғ а к і р і с п е
Адамдар өмір сүру үшін қалай ақша табады? Неге кейбір жүмыс түр- 
лерінің еңбекақысы жоғары және кейбір елдерде еңбекақы басқа елдер- 
мен салыстырғанда неге жоғарырақ? Мемлекет басшылары қалай сайла- 
нады, орнынан алынады немесе өлтіріледі? Осы сүрақтарға жауап табу 
үшін саясат пен экономикаға мән беруіміз керек. Сұрақтарды жеке-же- 
ке де қарастыруымызға болады, бірақ олар өзара байланысып жатқан- 
дықтан, толық бір тақырып ретінде оқыған ыңғайлы. Бұл бөлімде саясат 
пен экономика, әлеуметтану түргысынан зерделенеді.
Б и л і к ж ә н е с а я с а т
Лиза - «American Idol» бағдарламасын, ал Джон футбол көргісі келеді; фун- 
даменталистер «мектептерде ғибадат ету бөлмелерін ашқан дұрыс» дейді, 
ал Американың азаматтық еркіндік одағы (ACLU) оған қарсы; мемлекет- 
тік қызметкерлер жоғары жалақы алғысы келеді, ал қарапайым тұрғын- 
дар салықтың төмендетілгенін қалайды. Мұның бәрін кім шешеді?
Шешім қабылдаушы тұлға кім болса да - сіздің анаңыз ба әлде 
Жоғарғы сот па - оның қолында басқаларға қатысты шешім қабылдай 
алатын билік бар. Бұған дейін 7-тарауда айтқанымыздай, билік - басқа 
адамдардың іс-әрекетін өз қалауына қарсы бағыттай алу қабілеті. Біз 
биліктің мәжбүрлеу және бедел деп аталатын екі түрін сипаттаймыз. 
Ананың да, соттың да қолында билік болғанымен, айтқанын орын- 
дату үшін қолданатын билігінің заңдылық ауқымы мен құралдары 
жағынан екеуінің арасында біраз айырмашылық бар.
М әж бүрлеу
Билікті күш көрсету және қорқыту арқылы жүргізу мәжбүрлеу деп 
аталады. Қорқыту және куш көрсету физикалық, қаржылық немесе 
әлеуметтік болуы мүмкін: біз соққыға жығыламыз, жала жабылады, 
шеттетілеміз, айыппұл салынады, өлтіреді немесе «достарымыз біз- 
ден бас тартады» деп қауіптенеміз. Мысалға, ата-анаңыз шапалақпен 
қорқытып, айтқанын орындауға мәжбүрлейді, ал сіз ойнамай қояты- 
ныңызды алға тартып, досыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүруге 
мәжбүрлеуіңіз ықтимал.
Бедел
Қорқыту - басқа адамдарды мәжбүрлеудің тиімді тәсілі. Бірақ ол 
дау-жанжал мен ашу-ыза тудырады. Ал кейбір жағдайда қорқыту 
орынсыз болады. Билік заңды ережелер мен құндылықтарға сәйкес 
жүргізілсе, оны бедел деп атаймыз. Егер қолыңызда өкілеттілік бол­
са, қарамағыңыздағылар тым болмағанда шешім қабылдауыңызға 
қүқылы мәселелеріңіз бойынша сізбен келіседі және айтқаныңыз- 
ды орындауға міндетті. Бірақ бұл - олар сіздің әмір жүргізуге құқы- 
лы болғандығыңыздан ғана келіседі немесе багынады деген сөз 
емес. Қоғамның ережелері мен құндылықтары сіздің билігіңізге 
қолдау көрсетеді. Мысалы, жасөспірім қыз әкесінің оған комендант- 
Мәжбүрлеу - күш көрсету немесе 
тық уақыт белгілеуіне құқығы жоқ деп ойлауы мүмкін, бірақ басқа 
қорқыту арқылы жүргізілетін 
ересектер (тіпті кейбір жасөспірімдер де) әкесі бұған қүқылы деп
билік. 
санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет