Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет279/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
243
8.2-КАРТА. АҚШ-тағы латынамөрикалықтар
Латынамерикалықтар Мексика мен Флориданың шекаралас штаттарында өте көп, себебі Орталықжәне Оңтүстік Америкадан 
жылдар бойы ағылған иммигранттар сол жерлерге қоныстанған. Көптеген латынамерикалықтар Нью-Йорк, Нью-Джерси, 
Иллинойс қалаларында тұрақтанды.
MONTANA
NORTH DAKOTA
MINNESOTA
SOUTH DAKOTA
IOWA
KENTUCKY
Штаттардэғ ы латын-
америкалықтардың
үлесі
СИТөмен: 5% не одан 
төмен
□ Орта: 6-19%
ГЭ Жоғары: 20% не 
одан жоғары
а і а в а м а
IISSISSIPP»
8.1-кестеде көрсетілгендей, түрлі латынамерикалық топтарды бір-бі- 
рімен және испан тілді емес ақ нәсілді америкалық топтармен, азиялық, 
афроамерикалықтармен үш өлшем негізінде салыстырады: білім, кедей- 
лік деңгейі және отбасы құрылымы. Мұның екі өлшемі бойынша латы- 
намерикалық топ басқалардан тым төмен орында, яғни америкалық 
мексикалықтар - ең нашар білімді этностық топ, ал пуэрто-риколықтар 
(оларды көбі қара нәсілді деп санайды) ең кедей өмір сүретіндер қатарын- 
да. Сонымен бірге пуэрто-риколықтар афроамерикалық топтан кейін үй 
қожалықтарын әйел басқаратын екінші топ болып табылады.
Өзекті мәселелер
1990-2010 жылдар аралығында латынамерикалық халық саны АҚШ- 
тағы жалпы халық санынан төрт есе тез өскен (U.S. Census Bureau 2011b). 
Бұл сан көбінесе АҚШ-та бұрыннан тұрып жатқан халықтың туу деңгейі 
есебінен және біраз бөлігі жаңа қоныстанғандар есебінен артып отыр.
Жаңа иммигранттардың басым көпшілігі жас, білімі нашар, 
(әсіресе қүжатсыз иммигранттар) ең төмен еңбекақыға да келісіп, жұ- 
мыс істейді. Сол себепті кейбір АҚІІІ азаматтары арасында еңбекақы 
көлемі баршаға төмендетіледі деген алаңдаушылық туды. Зерттеу- 
лер нәтижесінде жоғары білімі жоқ америкалықтардың еңбекақысы


244
8-ТАРАУ
төмендетілгені анықталды. Дегенмен басқа зерттеулердің қорытын- 
дысы бойынша, иммигранттар барша америкалықтардың пайдасына 
экономиканың дамуына ықпал етуде (Сфкв 2005).
Тағы бір ортақ мәселе - латынамерикалық мәдениет АҚШ мәде- 
ниетін «жаулап» алады немесе олар өздерін ассимиляцияланудан 
сақтайды деген қауіп. Латынамерикалықтардың саны жақын жыл- 
дарда артатыны жасырын емес. Сонымен қоса Латын Америкасынан 
ұзаққа созылған иммиграциядан соң АҚШ-та дүниеге келген латын- 
америкалықтар қазір сальса биін билеп, Густамалан ресторандарын, 
латынамерикалық мәдениеттің басқа да элементтерін қалыпты қа- 
былдап, қызықтап жүр. Көптеген испантілді иммигранттардың ба- 
лалары мен немерелері АҚШ мәдениетіне оңай сіңісіп, жұмыс тапты. 
Олардың латынамерикалық емес көршілері аздап болса да латынша 
сөйлей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет