Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет331/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
291
әлеуметтік ықпалын тереңірек зерделесек, Маккинлей (1994) ауру 
туғызуш ылар деп өлімге әкелетін әдеттер мен сондай әлеуметтік 
жағдайды қолдайтын топтарды айтқанын түсінеміз. Мысалы, теме- 
кі тартуға, сыра ішуге, жүйрік автокөлік айдауға, тапанша ұстауға, 
тәтті тағамдарды көп жеуге жұрттың бәрі құмар. Бірақ оларға осы 
заттарды ұнамды, қалаулы ететін - өндірушілер. Өз өнімдерінің 
қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз болуын, жарнамасын кімге 
және қалай жеткізуді, өнім сатылатын орындарды анықтайтын - 
солар. Мысалы, автокөлік өндірушілер жол талғамайтын көліктер- 
ді басқа автокөлікгер үшін қауіпсіз ететін бамперлерге қарсы бол- 
ды, газды сусын өндірушілер өзінің жоғары калориялы өнімдерін 
мектепте сату құқығы үшін күресті. Ал темекі өндірушілер жасөс- 
пірімдер арасында темекі тартуға себепкер болды. Джо Кэмелдің 
компаниясы жастарға арналған музыкалық концерттер мен фести- 
вальдерді демеу секілді айла-тәсілдер қолданды. (Weitz, 2012).
Өлімнің басқа негізгі себептеріне жеке адамның қалауының 
маңызы шамалы (Weitz, 2012). Адамдар қауіпті пестицидтермен жұ- 
мыс істейді, құрамында қауіпті химиялық элементтер бар заңсыз 
есірткіні ағзасына енгізеді және адам өміріне қауіп төндіретін қор- 
ғасын құбырлы пәтерлерде өмір сүреді, өйткені оларда өзге таңдау 
жасауға мүмкіндік жоқ. Олай болса, жұмысшыларды қауіпті жағдай- 
да жұмыс істеуге мәжбүрлейтін корпорациялар, жекеменшігіндегі 
ғимаратына жөндеу жүргізбейтін үй иелері, есірткі бақылауын же- 
ңілдету үшін оны заңдастыруға қарсы саясаткерлер - ауруды туғы- 
зушылар болғаны. Ақырында, бәрібір күтетін ешқандай жақсылық 
жоқ деген ойдағы адамдар тоқаш жеуден бастап, есірткі қабылдау, 
сақтану құралдарынсыз жыныстық қатынастар сияқты қауіпті іс-
Ауру туындатушылар -өлімге 
әкелетін әдеттер мен сондай 
әлеуметтік жагдайды қолдайтын 
және одан өз пайдасын көретін 
топтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет