Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет477/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
427
жасалган аудандағы үлкен үйде тұру. Үлкен қалата күндіз не кешке, 
яғни қалаған уақытында барып келе алатындай жақын болса жет- 
кілікті. Алайда баласы жоқ және қаланың орталығында жүмыс істей- 
тін адамдар қалада өмір сүргенді қалайды. Мұндай адамдардың көп- 
шілігі - қаладағы алуан тірлік пен ойын-сауықты жақсы көретіндер. 
Табысы жотары әрі баласы жоқ болғандықтан, олар қаланың кейбір 
кемшіліктерін елемей өмір сүре алады.
Әлеуметтанушылар Манхэттен және Сан-Франциско сияқты жар- 
қыраған, этникалық құрамы әркелкі, түрғындары тығыз орналасқан 
қалаларға назар аударды. Дегенмен АҚШ халқының тек 1/3 тана ірі қа- 
лаларда өмір сүреді. Қалғаны қала маңында және шағын қалаларда 
тұрады. Олардың тәжірибесі несімен ерекшеленеді?
Қала сыртындағы өмір
Қала маңының классикалық көрінісі - бөлек жер телімдерінде орна- 
ласқан бір-бірінен аумайтын үйлер. Басқа үйлермен арасы қашық үйде 
тұру - көптеген америкалықтың көздеген мақсаты. Мұндай үйлерде 
балаларға барбекю жасауға болады. Тіпті иттің де арнайы бөлмесі бар. 
Бұл - қала маңының қалыпты сипаты. Уақыт өте ол қалай өзгерді?
Қала сыртындағы өсім
Күн сайын ересек тұрғындарын басқа жаққа, жұмысқа, жіберетін 
қала маңы қазір бұрынғыдай жайлы аудан емес. Уақыт өте келе ірі 
өндірістік және сауда орталықтарына айналып жатыр. Қала маңын- 
да өмір сүретін адамның жұмысы да сонда. Осылайша, қалаға жақын 
орналасқан аудандар халық тығыз қоныстанған және сауда орта- 
лықтары, автожолдары, өндірістік кәсіпорындары бар аумаққа ай- 
налды.
Мұның бәрі қала маңы ауданының бастапқы сипатын өзгертті. 
Қала маңындағы жер телімдері кішірейді және таунхаустар, дуплекс- 
тер мен көп пәтерлі тұрғын үйлер пайда бола бастады. Баласыз жұптар, 
жалғыз бастылар және зейнеттегі жұбайлардың қатары көбейді. Қала 
маңындағы аудандар нығыздалып қалғандай және микроавтобустарға 
сүраныс азайды.
Аумағы кеңейген сайын қала маңы түрлене түсті. Әр қала маңы 
ауданының өзіндік стилі бар. Бүл, негізінен, үйлерінің бағасы мен 
көлемі бірдейлігінен байқалады. Классикалық қала маңы ауданда- 
рынан бөлек, қазір адамдар атқа мініп серуендей алатын кең көлемді 
бақтар, сондай-ақ таунхаустар, дуплекстер мен көп пәтерлі үйлер пайда 
болтан тыгыздау орналасқан аудандар бар. Екінші дүниежүзілік сотыс- 
тан кейін пайда болтан алташқы қала маңы аймақтарының құрылга- 
нына бугінде 50 жылдан асты. Жасы келген сайын адамдар бір орында 
тұрақтайтындықтан қала маңы аймақтарында азтантай табысқа өмір 
сүретін зейнеткерлер көп тұрады (Lambert & Santos, 2006). Көп үйлер бос 
қалтандықтан, үйді жалга беру кең таралып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет