Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Конфликт теориясы: технология, билік және



Pdf көрінісі
бет498/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Конфликт теориясы: технология, билік және
әлеуметтік өзгеріс
Құрылымдық-функциялық теория әлеуметтік өзгерістерді ретті және 
жалпылай келісім деп қарастырса, конфликтология теорияшылары 
өзгерісті жаңа технологияларды қоса алғанда бәсекелес топтардың 
күресінің нәтижесі деп санайды. Сонымен бірге конфликтология тео­
рияшылары қолында мол билігі бар адамдар технологиялық және 
әлеуметтік өзгерістерді өз мүддесіне бағыттайды деп түжырымдайды. 
Қақтығыс және құлдырау сипаты бар процесте әлеуметтік қүрылым 
өзгереді. Өйткені ықпалды топтар өзгеріс үшін немесе қалыптасқан 
жағдайды сақтау үшін әрекет етеді.
Торстейн Вебленнің (Thorstein Veblen, 1919) айтуынша, қалыптас- 
қан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін 
салады. Заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға 
немесе өзгертуге тырысады. Әлеуметтік өзгерістен залал көрген топ­
тар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді. Ал өзгеріс-
Заңды мүдделілер - қалыптасқан 
жағдайды өзгертуге немесе 
сақтауға тырысады.


446
15-ТАРАУ
тен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Электр 
компапиялары электромобильдерді сатуға мүдделі. Бірақ бұл жанар- 
май компанияларының мүддесіне сай келмейді. Колледж студенттері 
ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл 
тиімді емес.
Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең 
бөлінбейді. Конфликтология теорияшылары әдетте шығынға әлсіздер 
ұшырайды дейді. Корпорацияларға көп пайда түсіретін ауаны ластау- 
шы фабрикалар кедей-кепшік тұратын аудандарда орналасады. Олар 
ешқашан Беверли Хилз немесе Скарсдейл сияқты аудандарда болмай- 
Д ы .
Эволюциялық теориялар сияқты әлеуметтік өзгерістерге қатыс- 
ты конфликтологиялық көзқарас та тек болжамға ғана сүйенбейді, эм- 
пирикалық зерттеулермен дәлелдейді. Конфликтологиялық көзқарас 
жөніндегі жалпы түсінік бойынша, қоғамда байлығы, мәртебесі мен 
билігінің үлесі әркелкі қалыптасқан адамдар жағдайды сақтап қалу- 
ға тырысады. Қазіргі қүбылмалы қоғамда бұл түсінік өзгеріп кетуі де 
мүмкін: қуатты топтар, жеке адамдар мен ұйымдар да қолдауға бе- 
йім болып, технологиялық инновацияларға қарсы шығуы ықтимал. 
Мысалы, Microsoft компаниясы бағдарламалармен қамдаумен айна- 
лысып, компьютерлерді бақылайтын Linux және Apple жасайтын ин- 
новацияларға қарсы жүмыс істесе де Windows бағдарламалық қамдау- 
дың жаңа версиялары сияқты пайда әкелетін жаңа технологияларды 
толықтай қолдайды. Сонымен қатар кейбір ғалымдар технология 
«автономды» дейді. Яғни атомды Бобқа арналған дербес компьютер 
сияқты нақты бір өнертабыс үшін қосалқы білім ойлап табылған бой- 
да солай бірден қолданысқа енгізіледі. Осылайша, технологиялық өз- 
герістер сізге тікелей бақыланбайтын күштермен іске асуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет