Бизнестегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылар бизнес саласында түрлі қызметтер атқарады.
Кейбіреулер адами қарым-қатынас туралы білімін мекеменің адам
ресурстары бөлімінде немесе гендерлік және этностық әркелкілікке
қатысы бар фирмаларда қолданады. Енді басқалары нарықты зерт-
теу саласында тер төгеді. Мәселен, әлеуметтанушы киножұлдызбен
келісіп, оған бір өнім туралы блог жазгызып, жарнамалау арқылы
сату көлемін көбейтуге бола ма, жоқ па - соған болжам жасай алады.
Әлеуметтанушылар адамның мінез-құлқын жақсы түсінетін-
діктен әрі мінез-құлықты зерттеу жолдарын білетіндіктен, осындай
қызметке маман іздеп жургендер бұл саланың қызметкерлерін қуа-
нышпен қабыл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |