Мәдениет - салыстырмалы шама
Әрбір мәдениеттің шығарған шешімі бір-бірінен мүлде өзгеше болуы
мүмкін. Мысалы, христиандардың көбі өлген адамньщ денелері «қа-
сиетті» жерге көмілуі керек деп санайды, ал тибеттіктер өлген адам
ньщ денесін таудың шыңына апарып, бөлшектеп, қүзғын-қарғаға
жемтік қылған дұрыс деп есептейді.
Тибеттегі осы «аң-құсқа жем қылу» тәжірибесі дұрыс па, бүрыс
па? Бүл сұраққа осы тәжірибе тибет мәдениетінің бүгінге жеткен үл-
гісімен қаншалықты үйлесетінін білу арқылы ғана жауап бере ала-
мыз. Тибет мәдениеті ағашы селдір, суы аз, қатқақ жерде дамыды.
Сондықтан мәйітті өртеу де, кому де қиын, тігіті мүмкін емес болатын.
Сонымен бірге тибет буддистері адамның қайта тууына (реинкарна
ция) және жаны шыққаннан кейін дененің қажетсіз болып қалаты-
нына сенді. Олар сондай-ақ барлықтіршілік иесіне жанашырлықпен
қарау керек деп есептейді, сондықтан құзғындарды да қоректендіру
қажет. Бұл - ресурстарды тиімді пайдалану болып саналады. Қалай
болғанда да, өлік жөнелтудің осы рәсімі Тибет тұрғындарының бұл
проблеманы оң шешуіне, сөйтіп, тұрақты қоғам құруына көмектесті.
Сондықтан қүрылымдық функцияшылдар бұл тәжірибе нақты пай-
даға асқандықтан жақсы жүмыс істеп түр деп санайды.
Конфликт теориясының өкілдері, керісінше, мәдени тәжірибе
кімге көмектесетінін және кімге зиян келтіретінін зерттейді. Осы-
ган орай, жерлеу мәдениеті Тибет қоғамының барлық мүшелері үшін
тиімді сияқты, бірақ бұл мәдени үлгілердің бәріне қатысты емес.
Қалай алсақ та, конфликт теориясының өкілдері де, құрылым-
дық-функциялық теория ғалымдары да әр мәдени ерекшелік сол мә-
дениет тұрғысынан бағалануы керек деп есеп гейді.
Бұдан мәдениеттердің салыстырмалылыгы деген тұжырым жа-
салады. Мәдениеттің салыстырмалы болуының нәтижесі сол - ешқан-
дай тәжірибе түгелдей жақсы немесе түгелдей жаман болмайды; жақ-
сылық пен жамандық абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді.
Бұлайша бағалау кейде интеллектуалдық ерлікпен парапар. Мы
салы, қаншалықты объективті болуға ұмтылсақ та көпшілігіміз ба-
ланы өлтіруді, адамды құрбандыққа шалу мен каннибализмді мүл-
де дұрыс емес деп санаймыз. Мұндай қатынас этноцентризмді, яғни
басқа мәдениет өкілдерін өз мәдениетімізде қабылданған нанымдар
мен тәжірибеге сәйкес бағалау тенденциясын көрсетеді. Этноцент
ризм әдетте өз жолын дұрыс, ал басқалардың жолын бұрыс деп есеп-
теуді білдіреді. Мысалы, Америка миссионерлері алғаш рет Оңтүстік
теңіз аралдарына келгенде полинезиялықтардың көп нәрсені өзгеше
жасайтынын көрді. Алайда миссионерлер полинезиялыңтардың дәс-
түрлерін сол қалпында қабылдаудың орнына бұл істерді қателік, тіп-
ті зұлымдық деп түсінді. Сөйтіп, олар арал тұрғындарына адамдар-
Достарыңызбен бөлісу: |