Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет237/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   870
Егінш ілік қоғам дар

Шамамен 5-6 мың жыл бүрын екінші ауылшаруашылық революция- 

сы  болып,  жаңа  технологияның  арқасында  азық-түлік  өндірісінің 

өнімділігі  еселеп  артты  (Diamond,  1997).  Соқа  мен  ірі  жануарларды 

пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдар- 

ды егінш ілік қоғамдар деп атаймыз.

Егіншілік қоғамға өту кезінде металл қүралдары мен дөңгелекті 

пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік 

әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбе- 

гейлі  өзгертті.  Ең  бастысы,  бұл  өзгерістердің  арқасында  азық-түлік 

өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға 

қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айна- 

лыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салаға толық бейімделе бас- 

тағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары 

жылдам дамыды.

Бағбаншылық қоғамдар -  соқа 

сияқты өңдеу құралдары жоқ

кішігірім, қарапайым шаруа 

қожалықтары.

Егіншілік қоғамдар - соқаның 

және ірі жануарлардың көмегімен 

ауылшаруашылық өнімін 

өндіруге негізделген.



122

4 -ТА РА У

Сонымен  бірге  түрлі  кәсіптердің  пайда  болуы  теңсіздікті  үл- 

ғайтты.  Бағбаншылық  қоғамдағы  қарапайым  жүйенің  орнына  сау- 

дагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек 

күші  басқа  барша  жұртты  асырайтын,  халықтың  қомақты  бөлігін 

қүрайтын  кедей  шаруалардан  тұратын  күрделі  таптық  жүйе  қа- 

лыптасты.

Қауымдарда  бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа  бір 

сала -  соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөң- 

гелекті  (әскери арба)  игерудің арқасында  әскери техника  әлдеқайда 

озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жау- 

лап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды. 

Бұл  салада  римдіктердің  жетістікке  жеткені  сондай,  олар  Жерорта 

теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағы- 

нышты шаруа табына айналдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет