Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ



Pdf көрінісі
бет344/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   870
ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ

177


І

Есірткі сатушылар мен урылар 

сияқты ақжағалылардың 

қылмысы да жеке адамдарға және 

қоғамға зиянын тигізуі мүмкін.

аталады  (Sutherland,  1961;  Shover,  2006).  Мұндай  қылмыстарды  жеке 

адамдар немесе компаниялар жасауы м у мкін. Мысал ы, жеке тұл ға лар 

өз фирмаларынан ақша ұрлау немесе клиенттерді алдау сияқты қыл- 

мыстарға бара алады. 2009 жылы NASDAQ қор биржасының бұрынғы 

төрағасы және Bernard L. Madoff Investment Securities компаниясының 

негізін  қалаушы  Берн  Мэдофф  өзінің  инвестициялық  клиенттерін 

65  миллиард долларға  алдағаны үшін кінәлі деп  танылды.  Бұл  жағ- 

дай қызмет бабындағы қылмыстардың шығыны көше қылмысынан 

әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді (Hagan, 2002).

Ақ  жағалылар  қылмысын  компаниялар  жасаса,  оларды  кейде 

корпоративтік  қылмыс  деп  атайды.  Корпоративтік  қылмыстар  бата­

ны келісу, ақаулы  өнімді  сату,  корпоративтік салықтардан  бас тарту 

немесе  қоршаған  ортаны  ластау  сияқты  салаларды  қамтиды.  Корпо­

ративен қылмыстар  қоғамға үлкен эсер  етуі мүмкін. Жоғарыда атап 

өткеніміздей,  корнорациялар  қауіпті  әрекеттермен  айналысқан  кез- 

де  корпоративгік  қылмыс  кісі  өліміне  әкеп  соқтыруы  кәдік.  Бұған 

қоса,  корпоративтік  қылмыстың  орасан  зор  экономикалық  ықпалы 

болуы мүмкін.  Мәселен, Enron компаниясының есепшілері мен  ауди- 

торлары және атқарушы  басшылары қарыздарын жасырып, табысын 

асырып көрсетіп, инвесторларды алдап, оны қымбат бағаға сатып жі- 

берді. Жалган  бухгалтерлік  әрекеттері  әшкере  болған  соң,  компания 

банкроттығын  жариялады.  Enron-ның  зейнеткерлері  зейнетақыла- 

рын жоғалтса,  4 мыңға  тарта  қызметкер  жұмыстан  босап, мыңдаған 

шағын инвестор жиған-терген ақшасынан айырылды.

АҚШ-тағы  «ақ  жағалылар»  қылмысының  ауқымды  болғаны  сон- 

дай -  бұл «қылмыс - тек төменгі тап өкілдерінің жұмысы» деген түсінік- 

ті өзгертіп жіберді.  Керісінше, мәртебесі  әркелкі  адамдардың қылмыс 

жасау мүмкіндігі де әртүрлі болып шықты. Төменгі таптың адамдары 

көлік моторын кілтсіз-ақ оталдыруды үйрететін әккі ұрыларды қажет- 

сінсе,  жоғарғы  таптың  адамдары  құнды  қағаздар  нарығындағы  ала- 

яқтыққа баулитындарды іздейді (Shover 2006; Reiman 2005).

Сотталған  ақ  жағалыларға  жақсы  жағдайдың  жасалуы  әділет 

жүйесінің  теңдігі  принципін  жоққа  шығарады.  Көше  қылмыскер- 

леріне қарағанда  ақ жагалы  қылмыскерлердің сотқа тартылу, түрме-

12  251



178

б-ТА РА У

ге қамалу және ұзақ жылға  жазаға  кесілу ықтималдығы  әлдеқайда 

төмен (Shover,  2006). Яғни  Берни Мэдофф пен Enron-ның басқа да бас- 

шыларының  ұзақ  жылға  сотталуы  прокурорларға  «ең  болмаса  өте 

үлкен оқиғаларда ақ жағалыларды жазалау керек» дегенді ескерткен 

сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет