6 -ТА РАУ
Қорытынды
1. Көпшілігіміз көбінесе тәртіпке бағынамыз. Қо-
ғамдық бақылаудың үш түрі конформизмге же-
телейді. Олар: 1) нормалар мен құндылықтарды
бойымызға сіңіру арқылы өз-өзімізді тежеу;
2) бейресми қоғамдық бақылау; 3) ресми қо-
гамдық бақылау.
2. Адам белгілі бір қарекет нормаларын бұзған
кезде тәртіпсіздікке барады. Оғаштық шегінен
шығып, маңызды нормаларды бұзуды және осы
үшін қоғамдық шектеуге ұшырауды девиант-
тылық деп атаймыз. Қылмыс - заңға қайшы де-
вианттық әрекет.
3. Девианттылық салыстырмалы түрде қарасты-
рылады. Ол қоғамның берген анықтамасына,
болған жайттың төңірегіндегі жалпы ахуалға
және адамның мәдениеті мен субмәдениетіне
байланысты болады.
4. Құрылымдық функцияшылдар адамның де-
вианттық әрекетінің қоғамдық тәртіпсіздік-
ке қатысын анықтау үшін шиеленіс теория-
сын қолданады. Бір ауданмен салыстырғанда
басқа ауданда қылмыс децгейінің неге жо-
ғарылығын анықтау үшін, олар ұжымдық
тиімділік теориясына жүгінеді. Символдық
интеракционистер дифференциалды ассоциа
ция, тежеу және ат қою теорияларын пайда-
ланады. Олар девианттылықты девиантты
іс-әрекет пен девиантты болмыс қалыптас-
тыратын әрекеттесу нәтижелері деп қарас-
тырады. Конфликт теориясының мамандары
девианттылықтың себебін іздейді және ген-
дерлік, нәсілдік және таптық теңсіздік кезін-
Достарыңызбен бөлісу: |