НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
239
пен араласып, жаңа америкалық ұлт пайда болды деп қарайды. Алай-
да шындық анағұрлым күрделі. Әрине, америкалық ағылшын тілінде
басқа тілдерден алынған көптеген кірме сөздер бар (омбудсмен, франк-
футер секілді), адамдардың бойында бірнеше ұлттың қаны ағып тұр,
сондықтан бір ұлтқа тән сипаттар бойынша адамныц шыққан тегін
анықтау қиын болады. Оның орнына, түрлі мәдениеттердің араласып
бітісуі АҚШ-тың тілі мен мәдениетіне ассимиляциялануға әкелді. АҚШ
қоғамына сіңу және әлеуметтік үтқырлықпен ілгерілеуді көздеген түлға
«дұрыс» ағылшын тілінде сөйлей білуі керек - «дүрыс» акцентпен, ым-
ишараны артық пайдаланбай сөйлесіп, сенбі күндері жұмыс істеп, жек-
сенбіде ғибадатханаға барып, жалпы алғанда, АҚШ ушін үстем болған
Солтүстік және Батыс еуропалықтар мәдениетін қабылдауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |