негіз болып табы латы н аурулар.
үшін ж ауапты емес.
кету үш ін бар күш ін салу керек.
ке ж үгінуітиіс.
284
10-ТАРАУ
бастады (Weitz, 2012). Мұндай сынға «Науқас рөлі моделінің әлсіз
тұстары» тұжырымдамасының қысқаша сипаттамасында баса мән
беріледі.
Біріншіден, кейбір жағдайларда науқас адамдар Парсонстың
талдауындай емес, өзіміз күткеніміздей, қалыпты әлеуметтік қыз-
меттерін атқара беруі мүмкін. Солай бола тұра қатерлі ісігі бар
науқас әрі қарай жұмыс істеуін жалғастырады деген тұжырым еш-
кімнің ойына келмейді. Керісінше, буын ауруы бар науқастардан
немесе дәрігерлер нақты диагнозын анықтай алмағаннан бізге си
мулянт немесе ипохондрик ретінде көрінетін адамдардан осындай
іс-әрекеттерді күтеміз.
Екіншіден, адамдар ауырып қалғаны үшін жауап беретін кез-
дері болады. Ауырып қалган кезде сізді уақтылы С дәруменін қа-
былдамады, жеткілікті мөлшерде ұйықтамады және құнарлы
тамақ ішпеді деп айыптады ма? Дәл осылай бұқаралық ақпарат құ-
ралдары өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын адамдарды көп шылым
шеккені үшін, қант диабетіне шалдыққан адамдарды көп тәтті же-
гені үшін және т.б. жағдайларда айыптап жатады.
Үшіншіден, науқас адам айығу үшін бар күшін салу керек деген
пікір - созылмалы ауруға шалдыққан, дәрі-дәрмектер эсер етпейтін
адамдарға қатысты емес. Сонымен бірге ауру адамдар дәрігерлер-
дің барлық нұсқауын сақтау керек дегеи ұстаным медициналық
қызметке қол жеткізе алмайтын немесе медициналық қызметке
жүгінбейтін адамдардың жағдайын елемейді.
Достарыңызбен бөлісу: