Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет573/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   870
АҚШ-тағы отбасы өмірі

Өміріміздің барлық кезеңінде отбасылық қарым-қатынас маңызды 

рөл  атқарады.  Біз дүниеге  келгеннен  өмірден  өткенше  өзіміз  жай- 

лы  отбасындағы  рөлдеріміз  түрғысынан  ойлауға  бейімбіз.  Әдетте 

балалық  шақ -   отбасында  өсуді,  есейген  кез  -   өз  огбасын  құруды, 

қартайған уақыт ата-әже болуды білдіреді.  Бұл бөлімде отбасылық 

қарым-қатынас пен рөлдердің өмірлік кезеңдерге ықпалы қарасты- 

рылады.


Балалық шақ

АҚШ  заңнамаларында  балалық  шақ  барынша  алаңсыз  кезең  болу 

керек деп  көрсетілген.  Балалар  ойнауы  керек,  бірақ  өзі  жайлы  ой- 

ланып,  сыпайы  болуға  әрі  жауапкершілікке  дағдылана  бастауы 

қажет.  Сондай-ақ  олардың  мектепке  баруы  және  курстардан  өтуі 

керек.  Өзінің әлеуметтік санаты мен жағдайына  байланысты, олар 

отбасы табысына үлесін қоса  алады  не қоса  алмайды,  болмаса қар- 

тайған туысқандарына не кішкентай балаларға қамқорлық көрсете 

алады.  Қалай  болғанда  да,  ата-аналары  балаларын  экономикалық 

қатерден,  зорлық-зомбылықтан  және  үзақ  уақыт  жұмыс  істеуден 

сақтауы тиіс.



ОТБАСЫ

315


Алайда  балалық  шақ  біз  ойлағандай  үнемі  бақытты  бола  бер- 

мейді.  Көптеген  балалар  әсіресе  тұрмысы  төмен  немесе  фермада 

өмір  сүретіндері  сағаттап  жұмыс  істейді.  Ата-аналары  тарапынан 

физикалық  және  эмоционалдық  зорлық  көреді.  Мысалы,  кішкен- 

тай қыздардың 10 пайызы балалық шағында зорланады немесе зор- 

лануы мүмкін жағдайды бастан кешіреді  (Tjaden & Thoennes,  1998). 

Сонымен қатар  америкалық балалардың бестен  бір бөлігі кедейші- 

лікті бастан кешіп жатыр. Ресейді қоспағанда, Батыстың кез келген 

өзге мемлекетіндегі көрсеткіштерден элдеқайда жоғары (Heuveline 

& Weinshenker, 2008).

Кедейліктің  өсуіне  байланысты  маңызды  әлеуметтік  өзге- 

рістің  бірі  -   жалғызбасты  ата-аналар  өмірге  әкелетін  балалардың 

көбеюі.  Балалардың  41  пайызы  қазір  жалғызбасты  аналардан  ту- 

ған  (Childstats.gov  2012).  Ал  қалған  бөлігі  ата-аналарының  ажыра- 

суына  кейде  екінші  марте,  яғни  туған  және  өгей  әке-шешелерінің 

айырылысуына  куә  болады  (Coleman,  Ganong,  &  Fine,  2000).  Бәлкім, 

жалғызбасты ата-аналар үйленген жұптар  сияқты  ақша мен уақы- 

тын ж еткілікті түрде бөле алмайтындықтан болар, зерттеулер көр- 

сеткендей,  әке-шешесі  ажырасқан  балалардың  өзін-өзі  бағалауы, 

академиялық  үлгерімі  және  әлеуметтік  қарым-қатынасы  өзге 

балаларга  қарағанда  төмендеу  келеді.  Алайда  бул  болмашы  ғана 

айырмашылық,  мұның себебі  тек  ажырасу ғана  емес,  ең алдымен, 

ажырасуға  алып  келген  немесе  соның  салдарынан  болтан  кедей- 

шілік  және  ата-аналары  арасындағы  үрыс-керіс  екенін  байқатады 

(Coontz 1997;  Demo 8c Сох 2000; Lamanna 8с Riedmann, 2000). Сол себеп- 

ті ата-аналары ажыраспағанда, бұл балалардың жағдайы жақсы бо­

лар еді деп айта алмайсыз.

Отбасы  өміріндегі  келесі  маңызды  өзгеріс  -   1950  жылдардан 

бастап  жұмыс  істейтін  аналар  санының  өсуі  болды.  (XX  гасырға 

дейін  көптеген  аналар  жұмыс  істеді.  Бірақ  олар  жер  өңдеу,  тамақ 

істеу  және  үй  шаруасын  атқару  кезінде  балаларын  қасында  ертіп 

жүре алатын еді).  Қазіргі кезде балалары 6 жасқа толмаған аналар- 

дың шамамен үштен екі бөлігі үйден тыс жерде жұмыс істейді (Pew 

Social Trends Staff 2010). Сол себепті көптеген бала күндізгі балабақ- 

шада уақыт өткізеді.

Зерттеулер  көрсеткендей,  күндізгі  балабақшаның  кемшін 

тұстарынан  артықшылығы 

к ө і і


Күндізгі  күтім  балалардың  күй- 

зеліс  күйін  аздап  көбейтіп,  мінез-құлқында  түйткілдер  туында- 

туы  мүмкін.  Бірақ  ол  математика  және  оқу дағдыларын  барынша 

арттырады  (Belsky  et  al.,  2007;  Watamura  et  al„  2003).  Әсіресе  жоға- 

ры деңгейлі бағдарламалардың артықшылығы басым. Алайда олар 

негізінен  бақуатты  отбасылардың  балаларына  ғана  қолжетімді 

болып  келеді  (Кігр,  2007).  Дегенмен  тұрмысы  томен  отбасылардан 

шыққан балалар зияткерлік және әлеуметтік ынталандыру тұрғы- 

сынан шектеулі  болғандықтан,  оларға  өздері бара  алатын күндізгі 

балабақша  да  айтарлықтай  пайдалы.  Қалай  болғанда  да  көптеген 

отбасыларда  ата-аналардың  балаларымен  отыруына  мүмкіндік 

жоқ.  Ал  баланы  үйде  жалғыз  немесе  үлкен  ara-әпкелерінің  қара- 

уында  қалдырғаннан  гөрі, күндізгі  балабақшаға  апару анағұрлым 

дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет