рогамия, ал өз тобынан белек адаммен отбасын құру экзогамия (қара-
пайым тілде аралас отбасы) деп аталады. Адамдар өзге топтың адамда-
рымен тең дәрежеде қарым-қатынас құрған кезде гана езара байланыс
туындауы мүмкін. Мұндай байланыс жоғары білімді адамдардың ара-
сында пайда болуы ықтимал, өйткені жоғары білімді адамдар үйлену
жөнінде либералды көзқараста болады (Qian & Lichter, 2007).
Сыртқы келбет оншалықты маңызды емес, ол тек алғашқы назар-
ды өзіңе аудару үшін ғана керек (Sullivan, 2001). Бірінші кездесуден ке-
йін сыртқы келбеттің маңызы жойылады.
Ортақ мүдде, ынта, үрей мен құндылықтар анықгалған кезде ал-
ғашқы қызығушылық байыпты қарым-қатынасқа ұласады (Kalmijn
1998, Seccombe & Warner, 2004).
Қарым-қатынас бекіген сайын қыз бен жігіт перзентке деген
көзқарастары және үй шаруасын тең жүргізу жайлы ойларын бөлі-
се бастайды. Егер жігіт үй шаруасын әйел адам толықтай жүргізу
керек деп санаса, қыз бүл пікірге күле қараса, онда олардың некелесуі
екіталай.
Достарыңызбен бөлісу: |