Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


Ж үмыс пен отбасы н қатар алы п ж үр у



Pdf көрінісі
бет600/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   870
Ж үмыс пен отбасы н қатар алы п ж үр у

20  жыл  бұрынғы  жағдаймен  салыстырғанда,  қазіргі  жұбайлар  ба- 

лалары  болсын, болмасын бір-бірімен  өте аз уақыт өткізеді (Amato  et



330

11-ТАРАУ

al., 2007).  Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 25-34 жас аралығын- 

дағы  тұрмысқа  ш ыққан  әйелдердің  69  пайызы  жұмысбасты  (АҚШ 

Халық  санағы  бюросы,  2011).  Екіншіден,  орта  тапқа  жататын  аме- 

рикалықтар  үшін  жүмыс  уақыты  ұлғайып  келеді  (Jacobs  &  Gerson,

2004).  Жақсы  қызметкер  екенін  дәлелдеу  үшін,  адамдар  таңнан 

кешке  дейін  және  демалыс  күндері  үйде  жұмыс  істеуге  мәжбүр. 

Толық  жұмыс  күнімен  қамтылмаған  қарапайым  америкалықтар 

қосымша  табыс  көзін  іздейді.  Сөйгіп,  екі  немесе  одан  да  көп  жер- 

де  еңбек етеді. Ал толық жүмыс күнімен қамтылғандар мардымды 

жалақы алуы үшін артығымен жұмыс істеуі керек, өйткені табысы 

аздық  етеді.  Енді  бірі  жүмыс  орнын  сақтап  қалу  үшін  ғана  артық 

еңбектенуге  даяр  (Еһгепгеісһ,  2001).  Осылайша,  жүмысшы  және 

орта  тапқа  жататын  ата-аналардың  бос  уақыты  аз.  Отбасымен  бір 

дастарқан  басында  жиналу  сирек  жагдайға  айналды  және  үйдегі 

уақыт та тығыз жоспарланады.  Өйткені бұл кезде кір жуып, үй жи- 

нау керек, оған қоса балаларды уақытымен мектепке апарып, олар- 

дың іс-шараларына атсалысу қажет.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жүмыс уақытының ұзақтығы- 

на  қарамастан,  ата-аналар  балаларына  көңіл  бөлуге  уақыт  тауып 

жатады  (Bianchi,  Robinson, &  Milkie,  2006).  Шын мәнінде,  осыдан 40 

жыл  бұрын  аналар  балаларына  қанша уақыт бөлсе, бүгінгі  аналар 

да дәл солай, ал әкелер бұрынғы кезбен салыстырғанда, көбірек уа- 

қыт бөле бастады. Айырмашылық мынада: әйелдер үй шаруасында- 

ғы  жұмысын  қысқартты,  ал  әкелер  үй  шаруасына  белсене  араласа 

бастады. Сонымен қатар ата-аналар шамалары келгенінше сырттан 

адам  жалдай  отырып,  балаларымен  бірге  өткізу үшін уақыттарын 

үнемдеуге тырысады.

Алайда  бұл  -   тек  көбірек  жұмыс  жасау  үшін  ғана  жасалған 

амал.  Шын мәнінде,  балаларының жанында  көбірек болғысы кел- 

се,  үстеме  жүмыстан  бас  тартып,  өмір  сүру  талаптарын  азайтуы 

тиіс және  мансапты қалай бағаласа, бала тәрбиесін де солай баға- 

лайты н мәдени орта қалыптастыру керек. Америкалықтар жұмыс 

пен  отбасын  қатар  алып  жүруді  бұдан  әрі  де  жалғастыра  беретін 

сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет