Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет674/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   870
М ем лекеттік м әж бүр л еу

Мәжбүрлеуді  қолдану  үшін  мемлекеттің  заңды  құқығы  болғандық- 

тан, басқа құрылымдар (ата-аналар, мүғалімдер сияқты) оны тек мем- 

лекеттің келісімімен  ғана  қолдана  алады.  Мысалы,  барлық штаттар 

қазір  күйеуінің  әйелін  сабауына,  ал  кейбір  штаттар  мұғалімдердің 

оқушыларға ұрсуына тыйым салады.

Мемлекет мәжбүрлеудің бастапқы үш түрін қолданады. Біріншіден, 

мемлекет  ел түрғындарын  заң  жүзінде  түтқындай  алады,  шабуылдай 

алады, түрмеге жаба алады және кейбір жағдайларда өлтіруге де қүқылы. 

Екіншіден, мемлекет заң жүзінде азаматтардан салық пен айыппұл жи- 

найды. Үшіншіден, мемлекет басқа елдермен келіссөздер жүргізеді және 

басқа елге шабуыл жасауға қарулы күштерін жібере алады.

Алайда  әрбір  ел  билік  пен  мәжбүрлеуді  әртүрлі  қолданады.  Ав- 

торитарлық  және  демократиялық жүйелердің  арасындағы  ең үлкен 

айырмашылық  осы.  13.1-картада  «толық»  демократиялық,  «жалған» 

демократиялық (кейбір авторитарлық элементтері  бар),  екеуін қатар 

алып жүретін «гибридті» және авторитарлық мемлекеттер бөліп көр- 

сетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   670   671   672   673   674   675   676   677   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет