Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет689/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   870
Сайлаушылар неге аз?

АҚШ  өзінің  демократиялық  дәстүрлерімен  мақтанады.  Бірақ  АҚШ 

азаматтары  батыстың  басқа  елдерімен  салыстырғанда,  сайлауға  екі 

есе аз қатысады. Мұны қалай түсіндіреміз?

Кейбір  ғалымдардың  пайымдауынша,  саяси  процестер  түгел- 

дей жемқорлыққа толы деп  ойлайтын америкалықтардың жылдан- 

жылға көбеюіне байланысты саяси белсенділік бәсеңдеп барады. Ал 

«демократтар»  мен  «республикашылардың»  ұқсастығы  соншалық- 

ты, оларды бір-бірінен ажырагудың өзі қиын.  Осындай себептермен 

сайлауға қатысушылардың қатары сиреп барады (Southwell & Everest, 

1998).  Енді  бір  түжырымға  сүйенсек,  дауыс  беру  көрсеткіштерінің 

төмен  болу  себебі -   қазір  басқа  жақтармен  салыстырғанда,  АҚШ-та 

дауыс беру өте қиын (Piven & Cloward, 2000). 1993 жылы сайлаушылар- 

ды  тіркеу  туралы  ұлттың  заң  қабылданғанға  дейін  көптеген  штат- 

тарда  сайлаушылар  жылда  тіркеуден  өтіп,  сауаттылығын  анықтау 

үшін тест тапсырып,  арнайы  салықтар  төлеп  келді және  белгілі  бір 

уақыт аралығында ғана дауыс  бере  алатын  еді.  2008 жылдан  бастап 

штаттардың бірқатары алдын ала сайлау өткізу және сайлаушылар- 

ды тіркеу науқанын жүргізуді тоқтатты.  Сайлауға  қатысу үшін  үкі- 

меттен берілген жеке куәлік (студенттерден басқасы) талап етілетін 

заңдар қабылданды. Аталған заңдарды қабылдаудағы м ақ сат-дауыс 

беру  кезіндегі  алаяқтықты  азайту.  Алайда  ондай  алаяқтық  әрекет- 

тердің  болғандығын  дәлелдейтін  мәліметтер  өте  аз.  (Levitt,  2007; 

Lewis, 2011a). Бұл заңдар, ең алдымен, жастарға және аз ұлт өкілдері- 

не ықпал етеді (Lewis, 2011a).

Әлеуметтік және саяси қозғалыстар 

I   (мысалы.азаматтыққуқықтар 

қозғалысы және Обама науқаны) 

афро-американдықтар мен басқа 

азшылықтардың арасында дауыс беру 

қарқыны көбейді, және олар өзгере 

алатындығына көз жеткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет