Экономикадағы өзгерістер
Еңбек саласындағы басқа да өзгерістер АҚШ экономикасынан көрініс
тауып жатыр. Бұдан бұрын айтылғандай, АҚШ-тағы жұмыс орындары
үшінші (қызмет көрсету) секгорда шоғырланып келеді. Ең тез дамып
келе жатқан 10 мамандықтың барлығы да қызмет көрсету саласынан.
Оның ішінде жетеуі - төмен жалақылы, кәсіби білімді талап етпейтін
жұмыс орны (13.2-сызба). Басқасы, керісінше, күрт қүлдырайды деген
болжам бар.
Неғұрлым ескі технологияларға негізделген (баспасөз репортері
сияқты) және шет елдерге ауысып кете алатын салаларда (мысалы,
баспа және ауыл шаруашылығы) жұмыс орындарының қысқаруы өте
жоғары деңгейде болуы мүмкін.
2007 жылы болған дағдарыстан кейін қазір тіпті колледж түлекте-
рінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі томен болып отыр. Тек үздік куә-
лігі және төрт жылдық білімі бар (әсіресе информатика, мейірбикелік
іс және білім беру саласындағы) мамандарда мүмкіндік мол. Басқа
түлектердің жағдайы қиындау, бірақ жоғары білімі жоқ жүмыс іздеу-
шілермен салыстырғанда, мүмкіндігі әлі де көбірек: 2011 жылы 4 жыл-
дық білімі бар 25 жасқа дейінгі жастардың тек 9 пайызы жүмыссыз
болды, ал тек орта мектептік деңгейде білімі бар жастар арасында жұ-
мыссыздық 23 пайыз еді (Shierholz & Edwards, 2011). 13.3-сызбада көр-
сетілгендей, жұмыссыздық қанша өршіп түрғанымен, жоғары білімді
азаматтарға жұмыс орны табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |