Туу көрсеткіштері
Соңғы 20 жылда АҚШ-та әр әйелге шаққандағы бала туу көрсеткіші
халық саны өсімінің нөлдік деңгейі шамасында болды. Мұндай төмен
көрсеткіш әлеуметтік таптың азаюына, туу коэффициентіндегі нә-
сілдік және діни айырмашылықтарға да байланысты. Кейбір әйел-
дер жасөспірім кезінде, ал енді бірі 40 жасында балалы болады, бірақ
қай-қайсысының да екі баламен шектелуі жиіледі.
Өлім көрсеткіштері
АҚШ отбасылары үшін өлім - өте сирек болатын жағдай. Өмірдің орта-
ша ұзақтығы 80 жасқа жақындады, ал 65 жасқа ауырмай жеткен адам
тағы 20 жыл анық өмір сүреді деп күтуге болады. Ата-аналары бала-
ларының аман-есен жетіліп, ұзақ өмір сүретініне сенімді бола алады.
Егер жас жұбайлар ажырасып кетпесе «алтын тойға» жетері анық.
1970 жылдан бері орташа өмір сүру ұзақтығына 7 жыл қосыл-
ды. Бұл, ең алдымен, қарт адамдар жиі шалдығатын дегенеративгі
(жүрек аурулары және қатерлі ісік) ауруларды диагностикалау және
емдеу жолдарының жақсаруымен байланысты. Сонымен қатар нәсіл-
дік және әлеуметтік тап арасындағы өлім көрсеткіштерін төмендету
де себеп болып отыр. 1940 жылдардың бас кезінде афроамерикалық
әйелдердің ғұмыры «ақ» әйелдерден 12 жылға қысқа болатын, бүгінде
айырмашылық 3 жылдан астам (U.S. Bureau of the Census, 2011c).
1981 жылы алғаш анықталған СПИД дерті өлім-жітімді көбейтті.
Соңғы жылдары СПИД-тен қайтыс болғандардың саны біршама азай-
ғанымен, 25-44 жас аралығындағылардың әсіресе афроамерикалықтар
мен латынамерикалықтардың өліміне бірден-бір себеп осы дерт болып
отыр. Негізінен, есірткіні күре тамырға егу арқылы жиі таралатын
СПИД кедейлер мен тұрмысы төмендердің ауруына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |