Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет758/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   754   755   756   757   758   759   760   761   ...   870
14.3-СЫЗВА. АҚШ-тағы халықсанының 

өзгеруі

Егер иммиграция мен туу көрсеткіші қалыпты 

деңгейде болса, латынамерикалықтар мен 

азиат нәсілді америкалықтар көбейеді, ал 

испантілді емес «ақ» америкалықтардыңүлес 

салмағы, керісінше, кемиді.

2020

2050


А қ  нәсіл

Б а с қ а  н ә с іл д е р

Қ а р а  н ә сіл

Л а т и н а м е р и к а л ы қ

б а р л ы қ н ә с іл д е р

А з и я л ы қ




ХАЛЫҚ  САНЫ  ЖӘНЕ  УРБАНИЗАЦИЯ

415


Қазіргі иммиграциялық тенденцияның салдары экономикалық 

және  мәдени  салалардан  байқалуы  мүмкін.  Зерттеулер  көрсеткен- 

дей, экономикалықтүрғыдан алғанда иммигранттар АҚШ азаматта- 

рын  жұмыссыз  қалдырып жатқан жоқ.  Бірақ заңсыз  иммигранттар 

арзан  жұмыс  күші  ретінде  қолайлы  болғандықтан,  білімі  төмендеу 

АҚШ азаматының да жалақысы  азаюы мүмкін.  Бір экономистер  им­

мигранттар  жалақы  деңгейіне  эсер  етпейді деп тұжырымдаса,  енді 

бірінің  есептеуінше,  олар  АҚШ-тағы  жалақыны  3%-ға  төмендетіп 

отыр. Әсіресе орта  білімділердің табысына қатты эсер етеді (Borjas & 

Katz 2007, Martin and Midgley, 2010). Ал мәдени тұрғыдан алғанда АҚШ 

плюралистік қоғамға  айналуы мүмкін.  Мәселен, сальса мен футбол, 

қазір хот-дог пен бейсбол сияқты танымал. Алайда жаңа иммигрант- 

тар бұған дейінгі латынамерикалықтар  немесе  басқа да  қоныс ауда- 

рушылар сияқты әлі де Америка қоғамына кірігіп кетіп жатыр (Alba 

& Nee, 2003).

Ішкі миграция

Соңғы  уақытқа  дейін  АҚШ-та  мемлекеттің  бір  бөлігінен  екіншісі- 

не  көшу  басқа  елдерге  қарағанда  жоғары  болатын.  Алайда  бұл  жағ- 

дай  экономикалық құлдыраудан кейін  өзгерді.  2010 жылы  қоныс  ау- 

дарғандардың үлесі  соңғы  60  жылдағы  ең  төмен  көрсеткішке  сәйкес 

болды. Өйткені көп адам тұрған жеріндегі үйін сата алмағандықтан, 

елден шыға  алмай әлек болды. Мұның тағы  бір себебі -  көпшілік жұ- 

мысынан  немесе  жинаған  қорынан  айырылып  қалып  жатыр,  сон- 

дай-ақ банктердің ипотекалық несие беру шарттары күрделенген. Ал 

енді бірі баспана бағасы тым төмендеп кеткендіктен ұтылып қалудан 

үрейленеді.  Негізінде,  соңғы  онжылдықтарда  алғаш рет орталық қа- 

лаларда  өмір  сүретін халық санының аздап өсуінің бір себебі осы бо- 

луы мүмкін (Mather, Pollard and Jacobsen, 2011).

АҚШ-тағы  ішкі  миграцияның  ең  жарқын  мысалы  -   2005  жылы 

«Катрина»  дауылынан  қашып  1  миллион  адам  көшіп  кеткен.  2005 

жылға дейін Жаңа Орлеан ұзақ уақыт бойы құлдырап келген қала еді. 

Дауылдан кейін ахуал одан бетер қиындай түсті. Су тасып, үйлер мен 

ғимараттар қирады.  Канализация жүйесі және  электр желісі  сияқты 

негізгі  қызметтер  үзілді.  Салдарынан  тұрғындардың  көп  бөлігі  қа- 

ладан көшіп кетті. Жағдай жақсарған соң біразы қайта  оралғанымен 

қала халқының саны дауылға дейінгі көрсеткіштен 40 пайызға төмен 

күйінде  қалды.  Қашқан  босқындардың  қалаға  қайтып  келгені  бар, 

басқа жақта тұрақтағаны бар апатқа дейінгі жағдаймен салыстырған- 

да кедейленіп кетті. Олардың көбі әлі де уақытша паналау үшін ойлап 

табылған «жылжымалы» үйлерде өмір сүреді.

Жаңа Орлеан оқиғасы, әрине, сирек кездесетін жағдай. АҚШ-тағы 

ішкі миграцияның тарихи көлемдісі -  урбанизация -  халықтың кіші 

қалалар мен ауылдардан үлкен қалаларға ағылуы. Америка тарихын- 

да  қалалық  аймақтар,  ауылдық  аймақтарға  қарағанда  тез  дамып, 

кеңейе  түсті.  Алайда  шамамен  1970  жылдардан  бастап  жагдай  өзге- 

ре  бастады. Қазіргі таңда  ішкі миграцияда  негізгі үш тенденция бар: 

жылы  жағажайлы  аудандардың  дамуы,  субурбанизация  және  қала 

маңындағы кейбір аудандардың қарқынды өзгерісі.

1970  жылдан  бастап  адамдар  Орталық  Батыстан  және  Солтүстік 

шығыс  штаттардан Оңтүстік пен Батысқа  біртіндеп жылжи бастады. 

Еңбекке жарамдылар жұмыс іздеп, ал зейнеткерлер жаймашуақ жер- 

ге  кетті.  Көптеген  қалалар  да  осы  аймақтарда  құрылды.  Алайда  жұ- 

мыс орындарының қысқаруы мен түрғын үй бағасының төмендеуінен 

бұл аймақтағылар көп жапа шекті. Сол себепті де қазір халқы азайып 

жатыр.


Урбанизация - халықтың шағын 

қалалар мен ауылдардан үлкен 

қалаларға ағылуы.



416



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   754   755   756   757   758   759   760   761   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет