Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет768/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   870
424

14-ТА РАУ

ауыз  суға,  электр  желісіне,  білім  алуға  және  санитарлық  ережелерді 

сақтауға  жарымайтын  шағын  қалаларда  халық  өсімі  басым  болады 

деген болжам бар (Cohen, 2006).

Артта  қалған  елдердегі -урбанизацияның  бірнеше  салдары  бо­

лады.  Біріншіден,  әлемнің  ең  ірі  қалалары  мегааудандарға  бірігіп, 

АҚШ-тағы урбанизация іспетті көптеген  мәселелер  туындатады.  Бұл 

мәселелер көліктің тым көптігі, энергетикалық шығындар, қоршаған 

ортаның  ластануы  және  ауыл  шаруашылығы  жерлерінен  айырылу 

сияқты жайттармен байланысты. Екіншіден, бұл қалаларда кәсіби бі- 

лім  алмаған  адамдарды жумыспен қамтитын  өндірістік  орталықтар 

жоқ. Соның салдарынан көпшілігі  қарқынды көбейіп жатқан заңсыз 

лагерьлер мен жасырын жерлерде өмір сүріп, астыртын экономикада 

қолөнерші, саудагер, велосипедті жалға беруші, кір жуу орталығының 

қызметшісі  болып  жұмыс  істейді  және  қайыршылықпен  күнелте- 

ді.  Осындай  қалаларда  табыс  теңсіздігі  өскен  сайын  саяси  шиеленіс 

пен  қалаларда  наразылық күшейеді.  Ұзақ  мерзімді қиын  мәселелер- 

ге  қарамастан,  2000-2010  жылдар  аралығында  дүниежүзі  бойынша 

227 миллион адам жасырын жатақ орындардан шықты.

Үлкен қалаларда техникалық және ғылыми инновациялар жинақ- 

талған, олар мемлекеттіц экономикасын дамытуда маңызды рөл ойнай- 

ды.  Қалада  жұмыс  істейтіндердің  үйіне  жіберген  ақшалары  -  Африка, 

Азия және Латын Америкасы елдерінің ауылдық аймағында өмір сүретін 

тұрғындардың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді (UN-Habitat, 2010).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет