Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет817/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   870
Ақпараттық технологиялар - 

компьютерлер мен 

телекоммуникациялық 

құрылғылар біздің күнделікті 

өмірімізді қатты өзгертті.

15.1-КАРТА. Үйінен интернетке қосыла алатын турғындар үлесі

Ғаламторға қосылу дүниежүзі бойынша жылдам тарады. Ал Жапония сияқты елдерде тіпті кең тараған 

ДЕРЕККӨЗ: International Telecommunications Union (2011).

29  251



450

15-ТАРАУ

1  Жаңа технологиялардың 

І   арқасындабізүйденедемалыста 

болсақта, қаласақта, қаламасақ 

та жүмыс кеңсесімен әрдайым 

байланыста боламыз.

лықтар  арнасы арқылы жағдайды бақылап отырды. Ал  Иран сияқты 

авторитарлы  мемлекеттерде  Twitter,  Facebook,  блог  және  интернет 

сайттар арқылы үкімет бақылайтын БАҚ-тан айтылмаған ақпаратты 

алуға болады.

Ақпараттық технологиялар арқылы саяси процестерге толықтай 

қатысып, халық қалаулыларымен тікелей байланысқа шыға аламыз. 

Компьютердің  және  электронды  поштаның  арқасында  жұмыс  ор- 

нынан алшақ жерде жұмыс  істей береміз.  Осылайша, жұмысқа  бара- 

тын уақытты үнемдей отырып, отбасына көп уақыт бөлуге мүмкіндік 

бар.


Бір  жағынан,  ақпарагтық  технологиялар  саласындағы  жетістік- 

тердің  кесірінен  қылмыстың  (хакерлер  және  электронды  ұрлық), 

қорғаныс шараларының (мәліметтерді қорғау жүйесінің бүзылуы мен 

жалған бағдарлама ойламаған жерден Үшінші дүниежүзілік соғысты 

бастап  жіберуі  мүмкін),  денсаулық  мәселелерінің  (көз  ауруы  және 

созылмалы  күйзеліс)  және  тиімсіздіктің  («кешіріңіз,  жүйе  жұмыс 

істемей  тұр»)  жаңа  түрлері  пайда  болды.  Сондай-ақ  қоғамдық  бақы- 

лаудың жаңа  пішіні қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар 

корпорацияларға, полицияға, заңгерлер  мен үкімет бюрократтарына 

сіз туралы кешенді мәліметтерді біріктіретін база жасауға мүмкіндік 

берді. Айталық, қандай автокөліктер сатып алғаныңыз, кіріптұратын 

веб-сайттарыңыз,  үнататын  музыкаңыз,  кімге  үйленгеніңіз,  бала- 

лы  болуыңыз  немесе  жылдамдықты  шектен  тыс  асырғаныңыз  үшін 

айыппұл  салынғаны  және  т.б.  деректер  жинақталады  (Turkle,  2011). 

Дәл осылай, басқалар біздің компьютерлік файлдарымызға, өшірілген 

хабарламаларға және қоцыраулар тізіміне қол сұға алады. 1000 ірі кор- 

порацияда  жүргізілген  сауалнама  қорытындысы  бойынша  олардың, 

2/3  бөлігі  жұмысшылар  жайлы  мәлімет  жинайтынын  мойындаған 

(Rosen, 2000). Жаңа технологиялар әсерінен бір күндік жұмыс уақыты 

ұлғайды.  Өйткені  ноутбуктер,  планшеттер,  электронды  пошта  және 

телефондар демалыс күні де жанымызда болады (Turkle, 2011).

Ақгіараттық  технологиялардың  қоғамға  үзақ  уақыт  бойы  эсер 

етуі компьютерлер мен телекоммуникацияның мүмкіндігі мен әлеу- 

меттік институттарға  байланысты.  Ақпараттық технологиялар  бізге 

көбірек  еркіндік  береді, жергілікті  және  федералдық  заң  шығарушы 

органдар ісіне зор үлес қоса аламыз, бірақ жеке өмір құпиялылығы мен 

дербестіктен айырыламыз. Артықшылықтың немесе кемшіліктің көп 

болуы  технологияның  мектепте,  жүмыс  орындарында  және  үкімет 

аппаратында  қолданылуына  байланысты.  Жаңа  технологиялардың 

жүмысқа, тапқа, ортаға және отбасына қалай эсер ететіні әлеуметтік 

институттарды зерттеушілердің назарын аударды.

Озық  технологияларды  қолдану  және  қамтамасыз  ету  әлеумет- 

тік өзгерістердің жылдам жүзеге асуы әлеуметтік жоспарлауды талап 

ететінін білдіреді. Яғни ортақ құндылықтар негізінде қажетті іс-әре- 

кеттерді талқылауға және  келісуге, саналы  түрде  процесті  зерттеуге 

болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   813   814   815   816   817   818   819   820   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет