Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет824/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   870
Қорытынды

1.  Ұжымдық  мінез-қүлық  пен  әлеуметтік  қозға- 

лыстар  өзара  байланысты  болғанымен  әртүр- 

лі  қызмет  атқарады.  Ұжымдық  мінез-қүлық 

жоспарланбаган  әрі  тосын,  ал  әлеуметтік 

қозғалыс  ұйымдастырылған,  мақсатты  және 

ұзақ мерзімді болып келеді.

2.  Салыстырмалы  депривация  теориясына  сәй- 

кес,  адамдар  қолында  бары  мен  ойдағы  үміті 

арасындағы  зор  айырмашылықты  сезінген 

кезде  әлеуметтік  қозғалыстар  пайда  болады. 

Ойдағы  үміт  басқа  топтармен  және  басқа  ке- 

зеңдермен салыстырудан туады.

3.  Ресурстарды  жұмылдыру  теориясы  адамдар 

әлеуметтік  өзгерістер  жасауға  қажетті  ресурс­

тарды  біріктіре  алса,  әлеуметтік  қозғалыстар 

пайда болады деп пайымдайды.

4.  Саяси  процестер  теориясы  саяси  мүмкіндік- 

тер  мен  ресурстардың  қолжетімділігін  қара- 

стырады және сәтті қозғалыстар өзгерістердің 

қажеттігі  мен  мүмкіндігін  қатысушыларға 

сезіндіруі  керектігін  мойындай  отырып,  ре­

сурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді.

5.  Әртүрлі  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  сәтті 

қозғалыстарға  жан-жақты  үйымдар  қажет. 

Сондай-ақ  ол  барлық  қажетті  ресурстарды 

жұмылдыруға  қабілетті  болуы  тиіс.  Жаңа  мү- 

шелерді  тарту  үшін  ұйым  өз  идеологиясын 

адамдарды  күрделі  мәселеге  сендіре  алатын- 

дай  етіп  қалыптастыруы  қажет.  Мәселеге  қа- 

тысты  қабылданатын  шешім  әрі  лайықгы,

әрі  тиімді  болатынына  сендіру  қажет.  Ал  же­

келеген  адамдардың  мүдделері,  құндылық- 

тары  мен  сенімі  қозғалыстың  ұстанымымен 

үйлесетініне  иландыруы  керек.  Алайда  идео- 

логияға  қарамастан,  негізінен,  қозғалыстың 

мүшелерімен әлеуметтік байланысы бар және 

қарсыластарға  қагысы  жоқ  адамдар  көбірек 

тартылады.  Сонымен  бірге  сәтті  қозғалыстар- 

ға  БАҚ  назарын  аударатын  инновациялық 

әдістер қажет.

6.  Кері  қозғалыстар  -   өзге  әлеуметтік  қозғалыс- 

тар  насихаттайтын  өзгерістерге  қарсы тұруға 

немесе  мүлде  болдырмауға  тырысатын  әлеу- 

меттік  қозғалыстар.  Егер  бастапқы  қозғалыс 

азғантай  болсын  табысқа  қол  жеткізге,  кері 

қозғалыс  дами  түседі.  Егер  кейбір  адамдар 

бастапқы  қозғалыста  қол  жеткізген  өзгеріс- 

тер  салдарынан  әлеуметтік жағдайы  мен  құн- 

дылықтарына  қауіп  төніп  тұрғанын  сезсе 

де  және  қарсы  бағыттың  әлеуетті  мүшелері 

олардың  мықты  одақтастары  боларына  сенсе 

де кері қозғалыстың дамуына мүмкіндік бар.

7. 


Қоршаған  ортаны  қорғау  қозғалысы  мемле- 

кеттік  саясатқа  ықпал  етуге  тырыса  отырып, 

сот  арқылы  қарсылық  білдіруден  бастап  ас- 

тыртын  ірігкі  салуға  дейінгі  түрлі  әдістерді 

қолданады.  Қозғалыс  жетістіктерінің  өсу  се- 

бептерінің  бірі  -   қозғалыс  аясындағы  ұйым- 

дардыц көп түрлілігі.

8.  Технология  -   құралдар  жасау,  яғни  табиғи






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет