Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет263/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   870
ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАР

137


кетсе де оны бірлесіп алып отырған. Демек, героинді бөлісу тек эконо- 

микалық шешім болған жоқ, олар сол арқылы достық пен әлеуметтік 

байланыс орнатуды көздеген.

Қатысушы тараптар бірдеңе  алып қала алатын айырбас қарым- 

қатынас  қана  өміршең  болады.  Дегенмен  оның  өтемі  бірдей  болуы 

міндетті  емес,  бірдей  бола  да  бермейді.  Оның  үстіне,  қатысушы  та- 

раптардың  ықпал-куші  де  әркелкі.  Бағалы  ресурстарға  көбірек  ба- 

қылау орнататын адамның билігі де үнемі күшті болады. Айталық, 

футбол  командасының  капитаны  (немесе  бандының  басшысы)  үмі- 

ті тым аз болса да «қыздар менімен жақсы  қарым-қатынаста болғы- 

сы келеді» деп ойлайды, яғни басқа  балама мүлде жоқ болған кезде 

ғапа тең емес қарым-қатынас орнауы мүмкін (Molm 2003; Stolte, Fine 

& Cook, 2001).

Ынтымақтасу

Ортақ  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  бірлесе  жұмыс  істеуді  ынтымақ- 

тасу дейміз. Айырбас деген -  алыс-беріс, яғни «мен саған бердім, енді сен 

маған бер» деген  қағидаға  сүйенеді. Ал  ынтымақтасу -  ортақ  мақсатқа 

жету үшін  бірлесе  жұмыс  істейтін  адамдар тобының  бірлесуі,  яғни  ко- 

мандалықжұмыс. Мәселен, көше қиылысындағы «жол бер» деген белгіні 

алайық. Біз мүндай белгіні көргенде жылдам өтіп кетуге тырыспаймыз, 

себебі  кезекпен  өтсек  қана  жылдам  әрі  қауіпсіз  болатынын  түсінеміз. 

Ұзаққа созылатын қарым-қатынастардың көбінде ынтымақтасу элемент- 

тері  болады.  Ерлі-зайыптылар  балаларды  өсіру  мақсатында,  ал  оқушы- 

лар мұғалімді алдау үшін ынтымақтасады.

Сондай-ақ  ынтымақтасу  бұдан  да  кеңірек  қоғамдық  деңгейде 

жұмыс  істейді.  Көршілер  үйдің  жанынан  биік  ғимарат  салғызбау 

үшін күресте ынтымақтасады,  ал  бүкіл  ел  тұрғындары мүқтаж жан- 

дар медициналық қызмет ала  алуы үшін салықты көтеруге  келіседі. 

Адамдар  ортақ  қатер  төнгенде,  өздерінің жеке  экономикалық мүдде- 

лерін қорғау керек болғанда немесе сол қауыммен арадағы байланыс- 

ты сезінгенде ынтымақтасуға бейім тұрады (Van Vugt & Snyder, 2002).



Бәсеке

Кейде  адамдар  айырбас  немесе  ынтымақтасу  арқылы  мақсаттарына 

жете  алмайды.  Егер  менің ұйықтағым  келсе,  ал  сіз даңғырлатып  му­

зыка  ойнағыңыз  келсе  немесе  екеуіміз  бірдей  жұмыс  істегіміз  келсе 

біреуіміз  мақсатымызға  жете  алмаймыз.  Мұндай жағдайда 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет