Кешенді ұйымдар
Бүгінгі заманда аса ауқымды ұйымдармен байланыспайтын адам
кемде-кем. Егер жалпы қоғамнан баз кешіп кетпеген болсақ, біздің
өміріміздің басым бөлігі үйымдармен байланысты болады. Тіпті дү-
ниеге келгенде және қайтыс болғанда да үлкен кешенді үйымдарға
(ауруханалар, АХАТ бөлімдері) керек боламыз. Ал туу мен өлу ара-
лығындағы өміріміздің өн бойында ұйымдардың талаптарына тұрақ-
ты түрде бейімделіп отырамыз.
Аса ауқымды, заңды мекемелерді сипаттағанда әлеуметтанушы-
лар кешенді ұйымдар деген терминді қолданады. Кешенді үйымдарға:
университеттер, үкіметтер, корпорациялар, шіркеулер немесе сту-
денттердің бауырластық ұйымы, «Кивание» клубы сияқты ерікті бір-
лестіктер жатады.
Бүл күрделі ұйымдар қоғам өмірінің жалпы сапасына үлкен эсер
етеді. Көлемі ауқымды әрі кешенді болғандықтан, олар шағын топтар
сияқты тығыз байланыс орнатып, адамдарды қанағаттандыра алмайды.
Кешенді үйымдар - күрделі
мәртебелік тармақтары бар
кешенді әрі заңды мекеме.
156
Б-ТА РАУ
І
Компьютерлік ойындарды бірлесе
ойнау - адамның жаңа достар
тауып, бүрыннан бар достық қарым-
қатынастарды нығайтуына көмектеседі,
сол арқылы әлеуметтік тораптарды
күшейтеді.
Іс жүзінде адамдар өздерін қоғамның маңызды бөлігі регінде емес, маши-
ианың бір тетігі ретінде сезінеді. Бұл әсіресе бюрократияда анық байқа-
лады.
Бюрократия - жұмыс тиімділігін арттыру үшін құрылған, нақты
ережелерге бағынатын, иерархиялық басқару құрылымы бар кешенді
үйымтүрі.
Достарыңызбен бөлісу: |