Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет525/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   870
Конфликт теориясы: 

медикализация

Құрылымдық  функцияшылдар  секілді  Парсонс  та  ауру  жайлы 

әлеуметтік  идея  (бұл жағдайда  -  науқас  адам  рөлі)  қоғамның кіді- 

ріссіз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  деп  санайды. 

Ал  конфликт  теориясы  бойынша,  керісінше,  ауру  жайлы  идея  қо- 

ғамдық  өмірдің  басқа  бөліктері  секілді  әлеуметтік топтар  арасын- 

дағы бәсекелес мүдделерді бейнелейді.

Ауру  жөніндегі  түсінігіміздің  қалыптасуына  конфликт  тео- 

риясының  қосқан  маңызды  үлесі  -   медикализация  тұжырымда- 

масы.  Алтыншы  тарауда  байқағанымыздай,  медикализация  қан- 

дай  да  бір  жағдай  немесе  іс-әрекет  медициналық  мәселе  ретінде 

анықталып, медициналық шешімді талап ететін процеске жатады 

(Conrad, 2007).  Ғасырлар  бұрын мастурбация, гомосексуализм және 

бойжеткен  қыздардың  оқуға  құштарлығы  аурудың  белгісі  деп  са- 

налатын. Қазір ондай жағдайлар ауру деп саналмайды, себебі олар 

жайлы әлеуметтік ой өзгерді. Дәл осы сияқты ғасырлар бұрын көп- 

теген  әйелдер  акушерлердің  қатысуымен  үйде  босанатын,  кейбір 

балалар  үйде  сүндетке  отырғызылатын,  ал шаш түсіп,  таз  болу ер 

адамдардың  қартаюының  қалыпты  белгісі  болатын.  Қазіргі  таңда 

аяғы ауыр әйелдер медициналық көмекке жүгінеді, дүниеге келген 

ұл балалардың көбі дәрігерлердің көмегімен сүндетке отырғызыла- 

ды, ал шашы түсе бастаған ер адамдар  оны  емдеу жолдарын қарас- 

тырып,  хирургтің қызметін  пайдалана  алады.  Мұның  бәрі  -  меди- 

кализацияның көрінісі.

Медикализация  жаппай  іске  асу  үшін  бір  немесе  бірнеше 

ұйымдасқан  әлеуметтік  топ  өзгелердің  ойын  өзгертіп,  жаңа  жағ- 

дайды  қабылдау  үшін  әрекет  етіп,  бар  күшін  салуы  тиіс.  Медика- 

лизацияға  ықпал  етіп  отырған  қазіргі үлкен  күш  -  өзінің  өнімдер 

нарығын кеңейтуге қаржы жағынан мүдделі фармацевтикалық өн-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет