350
12-ТАРАУ
және дәстүрлі құндылықтар мен тәжірибе орнына ғажайыпқа сенуді
ұсыну жатады (Stark & Finke, 2000).
Дінге теориялық көзқарастар
Басқа әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да
түрлі әлеуметтанушылар әрқилы теориялық көзқарастар ұсынады.
Бұл - келесі тараудың тақырыбы. Құрылымдық функцияшылдар діннің
жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Конфлик
тология теорияшылары дінніц әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе
тежеуін саралайды. Үшінші топтағылардың тұрғысы ата лмыш екі көзқа-
расты Макс Вебердің (Max Weber) жұмысымен байланысты біріктіреді.
Қарабайыр (профан) дегеніміз -
күнделікті өмірде өздігінен
болатын және әдепкі әрекет
ретінде көрінетін барлық
нәрселер әдетте олар бізге таныс,
біз оларды бақылап, оған айла-
шарғыларымызды жасай аламыз.
Қасиетті, керісінше, біз бақылап,
түсіне алмайтын, бізде қорқыныш
пен табыну сезімін оятатын
қүбылыстар мен нәрселерден
түрады.
Достарыңызбен бөлісу: |