Жаңа діни қозғалыстардыңқүрылымы мен
қызметі
ЖДҚ-лардың құрылымы мен қызметі секталарға өте ұқсас. Жаңа діни
қозғалыстарда өмірге жаңа көзқарас болғандықтан, олардың мүше-
лері көбіне ата-аналарының ізінен ермей, жаңа дінді таңдайды. Осы-
лайша, ЖДҚ да секталар сияқты қоғамда қалыптасқан діндерге көңілі
толмай гындарды қатарына жинайды (Clarke 2006; Saliba 2003; Dawson
2006). Алайда ЖДҚ-лардың бір-бірінен өзгешелігі мол. Олар әртүрлі
мақсат үшін қызмет етуі мүмкін. Негізгі қоғамды қабыл алмайтын
ЖДҚ-лар қоғамға көңілі толмайтын, ешқашан жетістікке жете ал-
маймын деп ойлайтын адамдардың сұранысына сай келеді. Негізгі
қоғамда бақыт пен жетістікке жетуді мақсат ететін ЖДҚ-лар негізгі
мәдени нормаларды бағалайтындар үшін қызықты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |