Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет655/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   870
Діндарлықтың салдары

Дін  құндылықтарды  үйретіп,  оларды  сақтайтындықтан,  адамның 

қарым-қатынасы  мен  мінез-құлқына  эсер  етеді.  Діни  сенімі  күшті 

адамдардың денсаулығы  мықты,  бақытты және өміріне разы  болады 

(Cotton et al., 2006; Deaton, 2011; Waite & Lehrer, 2003). Бұл артықшылықтар 

адамдардың діни ұйымдардан алатын әлеуметтік қолдауы мен дінге 

қатыстылық сезімінен туындайды.

Діни адамдар жыныстық қатынас пен жеке шындыққа келгенде, 

консервативті көзқараста болады. Олар отбасылық өмірге де консерва- 

тивті қарауы мүмкін. Мысалы, баларды тәрбиелеуде ұрып-соғуды тәр- 

бие құралы ретінде қолдануды қолдайды (Ellison, Bartkowski, & Segal, 

1996).  Консервативті  топтардың  кейбірі  баланы  алдыртып  тастауға 

қарсы  күрес және  қүқық  қорғаушылар  тобы  сияқты  саяси  консерва- 

тивті қозгалыстарға қолдау білдіреді.

Дегенмен діндарлардың  бәрі  өз  ғибадатханасымен тығыз  байла­

нысты деп ойламауымыз керек. Мысалы, Папа баланы алдыртып тас- 

тау және баланы дүниеге әкелуді бақылау күнә дейді. Бірақ америка- 

лық католиктердің 3/4 бөлігі кей жағдайда баланы алдыртқан дұрыс 

деп  ойласа,  жартысынан  көбі  жасөспірімдердің  дүниеге  бала  әкелуі 

бақылануы керек деп есептейді (General Social Survey, 2009).

Діндарлық әр адамның діни 

қағидаларды ұстануымен және сол 

қағидаларға байланысты әрекет 

етуімен анықталады.

Діни экономика дегеніміз - 

діни үйымдар арасында үздік 

«түтыным тауарын» ұсынуда 

бәсекеге түсіп, осы арқылы 

өз дініне жоғары «нарықтық 

сұраныс» тудыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет