30
КІРІСПЕ
көзқарасы әртүрлі болса да, оқытушылар бұл оқулықты еркін пайда-
лана алады.
Сыни ойлау. Профессорлар мен студенттер оқулықтың өн бойынан
сыни ойлауға, интеллектуалдық пікірталасқа жетелейтін түрлі мате-
риалдарды таба алады.
Түсініктілік. Кітаптың бұрынғы басылымдары сияқты, бүл нұсқа-
ны да студенттердің оқуына жеңіл, қызықты етіп жазуға тырыстық.
Оның үстіне бұл оқулықта біз визуалдық материалдарға көбірек ден
қоятын студенттерге арнап - көрнекі суреттер, карталар мен сызба-
ларды молынан пайдаландық.
Жаңа зерттеулер. Бұл кітапта саладағы ең соңғы зерттеулерге, со-
нымен бірге атеизмнің белең алуы, экономикалық дағдарыс сияқты
«күйіп тұрған» тақырыптарға көбірек көңіл белуге күш салдық. Сту
денттерге жаңа нәтижелерді ұсынып, соңғы мәліметтерді беру үшін
басты журналдарға, салалық басылымдарға баса ден қойдық.
Достарыңызбен бөлісу: |