Ү ш і н ш і с е к т о р д ә р іг е р ,
мектеп мүғалімі, қонақ үй қызметшісі, аспаз және полиция қызмет-
кері сияқты көптеген мамандықтарды қамтиды. Оған емханаларда,
үкіметте, әуе компанияларында, банктерде, қонақ үйлерде, мектеп-
терде немесе азық-түлік дүкендерінде жұмыс істейтіндер жатады. Бұл
ұйымдар материалдық тауар өндірмейді, өзгелерге қызмет көрсетеді.
Олардың өндірісі бөшкелермен немесе тонналармен емес, тұтынушы-
лар санының көптігімен бағаланады.
Үшінші сектор соңғы жарты ғасырда жылдам дамыды. Бүдан да
арта түседі деген болжам бар. Үшінші секторда қамгылған жұмыс
күші 1820 жылғы 1 пайыздық көрсеткіштен 1920 жылы 19 пайызға
дейін өсті (Figueroa & Woods, 2007). Ал 2018 жылы сектор жүмыс кү-
шінің 79 пайызын еншілейді деп күтіліп отыр (U.S. Bureau of Labor
Statistics 20 lid). Қазір бастауыш секторда жұмыс істейтіндер өте аз.
Ал екінші сектордағы жұмыс орындарында жұмысқа жарамды ха-
лықтың 15 пайызына дейін қысқарды. Бұл бірінші және екінші сек
тор маңыздылығын жойды дегенді білдірмейді. Елде қызмет секто-
рының дамығаны соншалық, өзге секторлардың да тиімділігі мен
өнімділігі артқан және оларды басқа елдерде жүргізе аламыз. Бұл
экономиканың жаьанданғанын көрсетеді. Бұл тақырыпты алғаш
7-бөлімде қарастырған болатынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |