ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
417
14.1-КАРТА. ХХІғасырдагы миграцияныңнегізгі бағыттары.
ДЕРЕККӨЗ: Martin & Widgren, 2002.
Мемлекеттің қалған бөлігінде орталық қалалар қысқарып, айна-
ласындағы аймақтар өсті. Субурбан қаланың сыртында қалыптаса-
тын, жұмыс орнымен және сапалы қызметпен емес, тек тұрғынжай-
мен қамтамасыз ететін аудан. Атап айтар бір маңызды жайт - орта
тап қаладан амалсыз кетті, содан келіп анағұрлым үлкен қалалар-
да тек байлар мен кедейлер ғана түратын болды (Scott, 2006). Жұмыс
орындары іргедегі аудандарға ауысқан кезде қалада кедейшілік бе
лец алды. Қатынайтын қоғамдық көлік мүлде азайды. Ал байлар
қаладағы тұрғын үй бағасын қымбаттатты («Out of Sight», 2000). Ор-
талық қалалардағы тұрғындардың едәуір тұрақтанғанына қарамас-
тан, соңғы бірнеше жылда баспана шыгындары, жүмыс орындары
және көлік тасымалына байланысты мәселелер таяудағы жылдарда
сақталуы мүмкін.
Қалалық емес (нонурбан) аймақтар да белгілі бір межеде өсті
(Johnson, 2003). Бүл ретте де өсімнің көп бөлігі жылы жағажайлы және
Батыс штаттарында әсіресе демалысқа қолайлы әрі ірі қаладан бірне-
ше сағаттық қана жерде орналасқан аудандарда байқалды. Бірақ зей-
неткерлер мен интернетке қосылуға мүмкіндік бар кез келген жерде
өмір сүре алатын жұмысшылар санының артуы солтүстік Мичиган,
Техас штатындағы Арчер округы сияқты қашықта жатқан бағытта аз
да болса миграцияның өсуіне ықпал етті (Fessenden, 2006).
Қала маңындағы және қала сыртындағы өмір автокөлікке тәуелді
болғандықтан ауаның ластануы артты. Сонымен қатар 1970 жылдан
басталған АҚШ-тағы ішкі миграция қоршаған ортаның ластануына
Субурбан қаланыц сыртында
қалыптасатын, жұмыс орны
мен сапалы қызметпен емес, тек
тұрғынжаймен қамтамасыз ететін
аудан.
27-251
418
Достарыңызбен бөлісу: |