Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет79/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   870
ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ

35

Әлеуметтанудың пайда болуы

Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және 

интеллектуалдық төңкерістер  кезінде  зерттеу  саласы  ретінде  пайда 

болды.  Дәстүр  мен  наным-сенімдерді  рационализм  мен  ғылым  ал- 

мастыра бастады. Бұл оңайға түскен жоқ. Мүндай текетірестіц айқын 

көрінісі француз революциясы болды: 1789 жылы басталған қанды кө- 

теріліс ескі әлеуметтік құрылымдарды жоюды мақсат етті.

Қантөгіс  болмаса  да  индустриалдық  революция  одан  да  қатты 

эсер етті. Аз уақыт ішінде дәстүрлі ауыл қоғамы индустриалдық қала 

қоғамына  айналды.  Өзгерістердің  жылдамдығы  мен  ауқымдылы- 

ғы  әлеуметтік күйзеліс тудырды,  себебі  бұрынғы  өмір сүру жолдары 

мен  әлеуметтік  сенімдер  біржола  жойылып  бара  жатты.  Осы  түста 

бұрынғы миллиондаған шаруа мен жүмысшы қарқынды дамып келе 

жатқан қалаларда өмір сүру үшін күресті.

Бұл дүрбелең XIX ғасырдағы интеллектуалдық еңбектердің дүние- 

ге келуіне түрткі болып, мәселен, Чарльз Диккенстің романдары  мен 

Карл Маркстың революциялық теорияларының өзегіне айналды. Сон- 

дай-ақ бүл жайт қоғамды эмпирикалық зерттеуге де ынталандырды. 

Ғылыми  зерттеулер  жаңа  кәсіп  түріне  айналды,  ал  жұрт  бұдан  көп 

үміт күтті.  Электр, телеграф  және  рентген  ойлап табылғаннан  кейін 

ғалымдар  қылмысты,  кедейлікті  немесе  соғысты  қалай  жоюға  бола- 

тынын  білмейді  деп  кім  айта  алады?  Жұртшылық  жылдам  өзгеріп 

жатқан қоғамды түсінуге және басқаруға эмпирикалық зер гтеулердің 

құралдары көмектеседі деп үміттенді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет