Kepi қозғалы стар
Kepi қозғалыстар дегеніміз - қарсы күресетін қозғалысқа мүлде өз-
геріс енгіздірмейтін немесе оған қарсыласуға тырысатын әлеуметтік
қозғалыс (Lo, 1982; Meyer & Staggenborg, 1996). Kepi қозғалыстар кез кел-
ген қозғалысқа жауап ретінде пайда болуы мүмкін және олар не сол-
шыл, не оңшыл болып келеді.
Егер үш шарт сақталса, онда кері қозғалыстар белең алады (Meyer
& Staggenborg, 1996). Біріншіден, алғашқы қозғалыс аз ғана болса да
жетістікке жетуі керек. Егер қозғалыс сәтсіз болса оған ешкім қарсы
шықпайды. Ал қозғалыс толықтай сәтті болып көрінсе, онда оппози-
цияның пайдасы шамалы болмақ. Мысалға, темекі тартатындардың
көбі жұмыс орнында шылым шегуге тыйым салатын ережелерді еш-
бір қарсылықсыз қабылдады. Ал қоғамдық орындарда, мейрамхана-
лар мен барларда темекі шегуге тыйым салынған кезде олар өздерін
қолдаушылар барын түсінді. Осындай орындардың иелері тұтынушы-
дан айырылып қалмау үшін олардың сөзін сөйледі. Міне, сондықтан
да аталған тыйымға қарсылық пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |